Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDV15001FA

Страница 25

Advertising
background image

4

5

Бағдарламаның
алдын ала жуу
циклы болса,
құрылғы есігінің ішкі
бөліміне жуғыш
заттан аздап
салыңыз.

Қысқа бағдарламаларды қолданғанда
жуғыш таблеткалар əбден ерімеуі

жəне ыдыста жуғыш заттың қалдықтары
қалуы мүмкін.
Жуғыш таблеткаларды ұзақ
бағдарламаларды қолданған кезде
пайдалануды ұсынамыз.

Бағдарламаны орнату жəне бастау

Параметрлерді орнату режимі
Кей əрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй

жолағы көрсетіледі.

• Бағдарлама түймешігінің индикаторы

жанады.

Бейнебетте басқа жағдай орын алса,
Cancelтүймешігін құрылғы параметрлерді
орнату режиміне қойылғанша басыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

3. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

4. Бағдарламаны орнатыңыз. Бейнебетте

тиісті бағдарламаның нөмірі
жыпылықтайды.

5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1

минутқа тең қадаммен азаятын
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.

Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін

бейнебетте орнатқыңыз келген
кешіктіріп бастау уақыты (1-19 сағат)
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты

жыпылықтайды.

• Кешіктіру индикаторы қосылады.

3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 сағатқа

тең қадаммен азаятын, кешіктіріп
бастау функциясының кері санағы
көрсетіледі.

• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтату
Cancel
түймешігін келесі жағдай орын
алғанша басыңыз:
• Кешіктіру индикаторы сөнгенше.
• Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй

жолағы көрсетіледі.

• Бағдарлама түймешігінің индикаторы

жанады.

25

www.zanussi.com

Advertising