Орнату, Орамнан шығару және тегістеп қою, Су құбырына немесе электр желісіне қосу – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7F 09 U

Страница 14

Advertising
background image

KZ

14

!

Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Нұсқаулық

машинаны сатқан, басқа біреуге тапсырған немесе

жаңа пәтерге көшкен кезде, пәтердің жаңа иесі

жабдықпен танысу үшін, оны пайдалану және қызмет

көрсету ережелерімен танысуы үшін кір жуғыш

машина жиынтығында болуы тиіс.

!

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір

жуғыш машинаны орнату бойынша және пайдалану

қауіпсіздігі бойынша маңызды мәліметтер бар.

!

Техникалық нұсқаулық пакетінде кепілдік талонынан

басқа машинаны орнатуға қажетті бөлшектерді де

таба аласыз.

Орамнан шығару және тегістеп қою

Орамнан шығару

1. Жабдықтың тасымалдау кезінде зақымдалмағанына

көз жеткізіңіз. Зақымданған жағдайда – машинаны іске

қоспаңыз – жеткізушімен тез арада хабарласыңыз.

2. Тасымалдау кезінде

машинаны қорғаушы 4

винтті және кір жуғыш

машинаның артқы

жағындағы резеңке

тығындарды сәйкес

тірегіш шайбамен

ашыңыз (сур. қара).

3. Тесікті резеңке тығынмен жабыңыз.

4. Барлық бөлшектерін сақтап қойыңыз: Кір жуғыш

машинаны тасымалдау кезінде керек болады.

!

Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат

етпеңіз.

Нивелирлеу

1. Кір жуғыш машина тегіс және берік еденге

орнатыңыз, қабырғаға, жиһазға және басқа да

заттарға тимейтін болсын.

2. Машинаны реттегіш

аяқтары арқылы тегістеп

қойыңыз (көлбеу 2о

жоғары болмауы тиіс.)

!

Мұқият нивелирлеу вибрация мен шудың болмауына

кепілдік береді, әсіресе сығу кезінде.

!

Машинаны кілемге қойған жағдайда, кір жуғыш

машинаның астында жеткілікті ашық орын қалатындай

етіп қойыңыз.

Су құбырына немесе электр желісіне

қосу

Су құю шлангісін қосу тәртібі

!

Су құя шлангісін су құбырына қосар алдында су

мөлдір болғанша ағызып жіберіңіз.

1. Су құю шлангісін

артқы оң жақ жоғарғы

шетінде орналасқан, су

қабылдағышты винттеу

арқылы кір жуғыш

машинаға жалғаңыз (сур.

қара).

2. А төсемесін су құйғыш

шлангінің ұшына қойып,

оны суық су құбырының

3/4 дюймдік бұрандалы

тесігіне кигізіңіз (сур.

қара.).

Қосар алдында су

құбырының шүмегін

ашып, лас суды ағызып

жіберіңіз.

3. Шлангінің оралып және қысылып қалмағанын

анықтап алыңыз.

!

Су қысымы Техникалық сипаттама кестесінде

көрсетілген белгілер шамасында болуы тиіс

(жанындағы қара).

!

Егер су құбыры шлангісінің ұзындығы жеткіліксіз

болса, арнайы дүкеннен немесе уәкілетті тұлғадан

сұраңыз.

!

Бұрын қолданыста болған шлангіні немесе су

ұқятын ескі шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз,

оның орнына тек машинамен бірге берілетін шлангіні

пайдаланыңыз.

A

Орнату

Advertising