Функциялар – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDT15001FA

Страница 36

Advertising
background image

Функциялар

Multitab функциясы

Бұл функцияны аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда ғана іске
қосыңыз.
Бұл функция шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатады. Тұз индикаторы
сөндірулі.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.

Multitab функциясын іске қосу

Multitab функциясын бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе

сөндіріңіз. Бұл функцияны бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе
сөндіру мүмкін емес.

1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.

3. (D) жəне (E) функция түймешіктерін

multitab индикаторы жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.

Функция сөндіргенше қосулы тұрады.
(D) жəне (E) функция түймешіктерін

multitab индикаторы сөнгенше қатар басып
ұстап тұрыңыз.

Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мəнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
жəне ыдыс салмай орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
жұмыс істейді:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық

тəсілмен бапталғанда.

• Құрылғыда ақау бар кезде.

Зауытта орнатылған параметр:
қосулы. Дыбыстық сигналдарды

ажыратуға болады.

Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.

3. (B) жəне (C) функция түймешіктерін (A),

(B) жəне (C) функция түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтағанша
басып ұстап тұрыңыз.

4. (C) функция түймешігін басыңыз,

• (A) жəне (B) функция түймешіктерінің

индикаторлары сөнеді.

• (C) функция түймешігінің индикаторы

жыпылықтауын жалғастырады.

• "Соңы" индикаторы жанады.

5. (C) функция түймешігін басыңыз.

Аяқтау индикаторы сөнеді де,
дыбыстық сигналдар өшеді.

6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Дыбыстық сигналдарды қосу
1. "Дыбыстық сигналдарды сөндіру"

тарауын, (1) - (3) қадамдарын қараңыз.

2. (C) функция түймешігін басыңыз,

36

Advertising