Тұмшапеш - пайдалы ақыл-кеңес – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560MW

Страница 10

Advertising
background image

Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік

туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары

бар. Сөре қатарларын құрылғының

астынан бастап санау керек.

• Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі

деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді

1-ші және 3-ші деңгейге қойыңыз.

• Құрылғының ішіне немесе есігінің

шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл

қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде

есікті әрқашан артқа шегініп барып

ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ

пісірер алдында пешті 10 минут іске

қосып қойыңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін

ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.

• Заттарды құрылғының табанына тура

қоймаңыз және тағам пісірген кезде

құрылғының бөлшектерін алюминий

фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру

нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль

қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

Торттарды пісіру

• Торт пісіруге 150°C мен 200°C

аралығындағы температура тамаша сай

келеді.

• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут

қыздырып алыңыз.

• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше

пештің есігін ашпаңыз.

• Бір уақытта екі пісіру сөресін

пайдалансаңыз, олардың арасындағы

бір қатарды ашық қалдырыңыз.

Балық пен етті пісіру

• Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті

пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте

кебір болып піседі.

• Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін

сөлімен пісіру үшін температураны 200

°C-250 °C аралығында орнатыңыз.

• Үй құсының еті не балық тәрізді ақ етті

пісіру үшін температураны 150°C - 175

°C аралығында орнатыңыз.

• Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште

кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май

жинайтын табаны қолданыңыз.

• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай

тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.

• Тағам қуырған кезде пештің іші қатты

түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш

табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып

қалмас үшін, су кеуіп кеткен сайын

қосымшалап су құйыңыз.

Пісіру уақыты

Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына және

мөлшеріне қарай әртүрлі болады.

Алғаш тағам пісірген кездері пісіру үрдісіне

жақсы назар аударып отырыңыз. Осы

құрылғы арқылы пісіргенде

ыдыстарыңызға, рецепт және тағам

мөлшеріне барынша сай келетін

параметрлерді(қызу параметрі, пісіру

уақыты т.с.с) тауып алыңыз.

10

Advertising