Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0508NYW

Страница 82

Advertising
background image

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа samsung кір жуғыш

машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды

өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung

кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске

айналдырады.

Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін

қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді,

себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері

қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді

қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сəйкес жүзеге асады.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі

балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап

жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану

үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін

бастауға мүмкіндік береді.

Жедел кір жуу

Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге

оны бұрынғыдан гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.

Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - əрқашан қолы босамай

жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небəрі 15

минутта жууға болады!

Қолмен жуу бағдарламасы

Сəйкес температура, су көлемінің дұрыстығы, киімге жұмсақ əсер ету

есебінен кірдің мұқият жуылуына қол жеткізіледі.

Жүннен тоқылған киімдерді жуу

Кір жуғыш машинаны Woolmark компаниясы тексерген. Ол кір жуғыш

машинамен жууға болатын жүннен жасалған заттарды жууға арналған кір

жуғыш машиналардың талаптарына сəйкес келеді.

Түрлі матадан тігілген киімдерді киімде тігілген затбелгідегі

нұсқаулыққа, Woolmark жəне Samsung компанияларының нұсқаулығына

сəйкес жуған жөн.

WF0500NY-02871D_KK.indd 2

2010-6-11 13:42:16

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: