Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDT12002FA

Страница 23

Advertising
background image

B

Егер
бағдарламаның
алдын ала жуу
циклі бар болса, (B)
бөлігіне жуғыш
заттан аздап
салыңыз.

4

Қысқа бағдарламаларды қолданғанда
жуғыш таблеткалар əбден ерімеуі

жəне ыдыста жуғыш заттың қалдықтары
қалуы мүмкін.
Жуғыш таблеткаларды ұзақ
бағдарламаларды қолданған кезде
пайдалануды ұсынамыз.

Құрама жуғыш таблеткалар
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш
зат, шайғыш зат жəне басқа қоспалар бар.
Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Өнімдердің орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
Тұз жəне шайғыш заты бар таблеткаларды
қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат
сауытын толтырмаңыз. Шайғыш заттың
сауыты босап қалса, шайғыш зат
индикаторы үнемі жанады.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мəнге

қойыңыз.

2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең

төмен мəнге қойыңыз.

Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Су жұмсартқышты ең үлкен мəнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
жəне ыдыс салмай орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

Бағдарламаны орнату жəне бастау

Параметрлерді орнату режимі
Кей əрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін барлық
бағдарлама индикаторлары сөніп, соңы
индикаторы жыпылықтап тұрса, құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұрады.
Басқару панелінде басқа жағдай орын
алса, бағдарлама түймешігін құрылғы
параметрлерді орнату режиміне
қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.

Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. Бағдарлама түймешігін орнатқыңыз

келген бағдарламаның индикаторы
жанғанша үздіксіз басыңыз.

4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.

Бағдарламаны біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.

23

www.zanussi.com

Advertising