Жууды кейін бастау, Бағдарламалық басқаруды қолдану арқылы кір жуу – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0500SYV

Страница 105

Advertising
background image

Кір жуу _25

02

КІР ЖУУ

Жууды кейін бастау

Кір жуғыш машина кір жууды автоматты түрде кейінірек аяқтау үшін, 3

сағат пен 19 сағат аралығындағы (арасы 1 сағаттан) уақытты таңдап,

кір жуғыш машинаны бағдарламалап қоюға болады. Көрсетілетін уақыт

– кір жуудың аяқталу уақыты.

1. Жуылатын кірдің матасына қарай кір жуғыш машинаға қолмен немесе

автоматты түрде бағдарлама орнатыңыз.

2. Қажетті уақыт орнағанға дейін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет

басыңыз.

3. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз. «Кейін бастау » индикаторы

жанады да, сағат кір жууды аяқтау уақытына қарай азая бастайды.

4. «Кейін бастау» командасын алып тастау үшін бірнеше рет «Бөгеліс»

түймешесін «Кейін бастау» шамы сөнгенге дейін басыңыз немесе кір

жуғыш машинаны сөндіріңіз. (Сондай-ақ, «Кейін бастау» командасын

алып тастау үшін Сіз кір жуғыш машинаны сөндіріп тастай аласыз).

Бағдарламалық басқаруды қолдану арқылы кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Logic кір жууды автоматты басқару

жүйесінің арқасында кір жуу оңай, əрі ұнамды іс болады. Кір жуу

бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу

уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1. Су құбыры кранын ашыңыз.

2. Есігін ашыңыз.

3. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос

етіп салыңыз.

4. Есігін жабыңыз.

5. Бөліктерге сəйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған

кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын-ала кір жууға жуғыш құралды пайдалану үшін «Кір жуу циклін

таңдау» түймешесін басу арқылы «Алдын-ала жуу» функциясын

таңдаңыз. Алдын-ала жуу Мақта, Синтетика, Спорт, Күнделікті,

Өте кірленген, Балалар, Аралас жүктеме сияқты циклдерді таңдаған

кезде ғана мүмкін. Оны сіздің киіміңіз өте кірленген болса ғана

пайдалана аласыз.

6. Мақта, Синтетика, Спорт, Нəзік өнімдер, Жүн, Жібек жəне шілтер,

Шілтер 15’, Шаю+Сығу, Сығу, Төгу, Аралас жүктеме, Балалар киімі,

Өте кірленген, Күнделікті кір жуу сияқты киім түрлеріне сəйкес

бағдарламаны таңдау үшін басқару Жүйесінің дискісін бұраңыз.

Басқару панелінде сəйкес жарық индикаторлары қосылады. Басқару

панелінде сəйкес жарық индикаторлары қосылады.

7. Енді сəйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю

санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға

болады.

8. Басқару Жүйесіндегі дискідегі Старт/Үзіліс түймешесін басыңыз, кір

жуу циклі басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу

циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе

азайтуға болады.

1. Есігін ашу үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті

ашуға болмайды.

2. Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою

түймешесін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты

автоматты түрде өшеді.

1. Есігін ашыңыз.

2. Кірді шығарыңыз.

WF0502SY-02827C_KK.indd 25

2010-6-11 10:26:08

Advertising