Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG564G

Страница 22

Advertising
background image

1

2

3

4

5

1

Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)

2

Тығыздағыш

3

Реттемелі қосылым

4

Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш

5

Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш

Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін

тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Əрқашан тығыздағышты қолданыңыз

Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау

Назарыңызда болсын! Пешті газдың
басқа түріне сай лайықтау жұмысын

тек өкілетті маманға ғана тапсырыңыз.

Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.

Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше
лайықтауға болады.

Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,

газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына
жəне құрылғының тоқтан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы əбден
суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

Инжекторларды ауыстыру

Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды
ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

алыңыз.

3. 7-ші сомынкілттің көмегімен

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.

4. Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда

көрсетілген қадамдарды орындаңыз.

5. Атаулы мəндер затбелгісін (ол газ

келетін түтіктің жанында) жаңа газбен
жабдықтау түрінің затбелгісімен
ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз
құрылғымен бірге жеткізілген
қапшықтан таба аласыз.

Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.

Ең кіші деңгейді лайықтау

Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен орағытпа

бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, айналма бұранданы
түгелдей қатайтып бұраңыз. Егер
сұйылтылған газды, 20 мбар табиғи
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы шамамен 1/4 мөлшеріне
босатыңыз.

A

A) Ең кіші реттегіш бұранда

5. Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші

қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.

22

Advertising