Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG55LG

Страница 10

Advertising
background image

3. Осы кезде тұмшапештің

функцияларының тетігін басып, сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мəнге қойыңыз.

4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің

басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.

Тұтатқаннан кейін:
1. Тетікті босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Тұмшапеш функцияларының тетігін

қажетті параметрге қойыңыз.

Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда,
газдың берілуін тоқтатады.

Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:

1. Тұмшапеш функцияларын басқару

тетігін босатып, “off” қалпына қойыңыз.

2. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, оттықты қайта

тұтатып көріңіз.

Тұмшапештің оттығын сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.

Грильді қолдану

Назарыңызда болсын!

Гриль жасау барысында құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз. Құрылғының
қол жететін бөлшектері қызып кетеді. Күйіп
қалу қаупі бар.

Назарыңызда болсын! Гриль жұмыс
істеп тұрғанда балаларды алыс

ұстаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.

Назарыңызда болсын! Грильді
ешқашан есікті жабық ұстап

қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Гриль дефлекторын есіктің үстіңгі

жағындағы Aорнына қойыңыз.

A

3. Жалынды гриль оттығының

саңылауларына жақын ұстаңыз.

4. Газ пешінің басқару тетігін гриль

қалпына қойыңыз. Басқару тетігін
осы қалыпта шамамен 15 секунд ұстап
тұрыңыз. Оны жалын пайда болғанша
босатпаңыз.

5. Грильді алдын ала 5-10 минут

қыздырыңыз.

6. Тұмшапештің сөресіне етті қойып,

сөрені 3-ші қатарға қойыңыз.

Назарыңызда болсын! Етті сөренің
ең үстіңгі қатарына қоймаңыз. Өрт

шығу қаупі бар.

7. Тағамның май-сөлін жинау үшін пісіру

науасын немесе қуырма табақты 2-ші
сөреге қойыңыз.

Етті науаға немесе табаққа тура
салмаңыз.

10

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: