Құрылғыны қолдану, Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZSF 2415

Страница 24

Advertising
background image

Индикатор шамдры

Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
жанады.
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған
қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру
қажет болған кезде жанады.

Құрылғыны қолдану

1. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

2. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан

салыңыз.

3. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

құрылғыға салыңыз.

4. Су құятын шүмекті ашыңыз.

5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен

ластығына қарай жуу бағдарламасын
дұрыс орнатыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты

тиісті мөлшерде салыңыз.

7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған

Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі жəне жуу нəтижесіне жаман
əсер етуі мүмкін минералдар өте көп
мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл
минералдарды бейтарап етеді.
Су жұмсартқышты үнемі таза жəне жақсы
қалыпта ұстау үшін тұз сауытында арнайы
ыдыс жуғыш тұзының болуын қамтамасыз
етіңіз.
Жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін анықтап біліңіз.
Тұз сауытын толтыру
1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытына қарсы бұрап ашыңыз.

2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш

рет тұз салғанда) құйыңыз.

3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты

пайдаланыңыз.

4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды

тазалаңыз.

5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытымен бұрап жабыңыз.

Тұз сауытына тұз салған кезде, одан
су төгіледі, бұл қалыпты жағдай.

24

Advertising