Күту менен тазалау, 3 мұздату, 4 тоңазытылған тағамды сақтау – Инструкция по эксплуатации AEG S72700DSW0
Страница 8: 1 тазалау
Етті тоңазытқыш ішінде 2 күннен
артық ұстамаңыз.
• Піскен тағамның және салқын
тағамдардың беттерін жабыңыз да,
сөрелердің біріне қойыңыз.
• Жемістер мен көкөністерді жуып,
көкөніс тартпасына салыңыз.
• Сары май мен ірімшікті ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға,
алюминий жұқалтырға немесе
полиэтилен қалталарға салыңыз.
• Сүт шөлмектерінің қақпақтарын
жабыңыз да, құрылғы есігінің
шөлмек қойылатын сөресіне
қойыңыз.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ
тәрізді заттарды тоңазытқышқа
орамай салмаңыз.
5.3 Мұздату
• Техникалық ақпарат тақтайшасында
мұздатқыш 24 сағатта мұздата
алатын тағамның ең үлкен мөлшері
көрсетілген.
• Тағамды мұздату 24 сағатта
аяқталады. Осы уақытта
мұздатқышқа басқа тағам салмаңыз.
• Тағамды мұздатқышқа аз-аздан
салыңыз. Бұл тағамды жылдам
мұздатуға және тек қажет мөлшерде
ғана жібітуге мүмкіндік береді.
• Тағамды алюминий жұқалтырға
ораңыз немесе полиэтилен
қалталарға салыңыз. Орам
материалдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз.
• Жаңа тағамды мұздатылған
тағаммен бірге салмаңыз. Бұл
мұздатылған тағамның
температурасы жоғарылап кетуге
жол бермейді.
• Майлы тағамды сақтау уақыты
майсыз немесе майы аз тағамды
сақтау уақытынан қысқа. Тұз
тағамды сақтау уақытын азайтады.
• Біз әр тағамның орамына, оның
мұздатылған уақытын жазып қоюды
ұсынамыз.
5.4 Тоңазытылған тағамды
сақтау
• Мұздатылған тағам сатып алған
кезде, оны өте аз уақыт ішінде
мұздатқышқа салыңыз.
• Мұздатылған тағамды жібіткеннен
кейін дереу пісіру керек. Бұрын
мұздатылған тағамды қайта
мұздатуға болмайды.
• Жарамдылық мерзімінің өтіп
кетпегеніне көз жеткізіңіз. Ақпаратты
тағамның орамынан көруге болады.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Күтім көрсетуге кіріспей тұрып,
ашаны розеткадан суырыңыз.
6.1 Тазалау
• Құрылғыны және керек-жарақтарын
уақытылы тазалаңыз.
• Құрылғының барлық бөліктері мен
барлық керек-жарақтарын, жылы су
мен бейтарап жуғыш затты ғана
пайдаланып тазалаңыз. Құрылғы
мен керек-жарақтардың әбден
кепкеніне көз жеткізіңіз.
• Есіктің тығыздағышын уақытылы
тазалаңыз. Зақым келген
тығыздағышты ауыстыру үшін
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының артында орналасқан
конденсатор мен компрессордың
торын шөткемен тазалаңыз. Бұл
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтып, құрылғыны жақсы күйде
ұстауға көмектеседі.
8
www.aeg.com