Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату, Бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации AEG FAVORIT 55002 I

Страница 14

Advertising
background image

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ

Параметрлерді орнату режимі

Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс.

Құрылғы іске қосылғаннан кейін

параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Цикл индикаторларының барлығы жанады.
• Бейнебетте соңғы орнатылған

бағдарламаның уақыты жыпылықтайды.

Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Multitab

және Delay түймешіктерін құрылғы

параметрлерді орнату режиміне ауысқанша

қатар басып ұстап тұрыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ

бағдарламаны бастау

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

5. Бағдарлама тетігін, тетіктегі бағдарлама

таңбасы орнатқыңыз келген бағдарламаға

келгенше бұраңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

жыпылықтайды.

• Орнатылған бағдарлама циклдарының

индикаторлары жанады.

6. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы

ғана жанып тұрады.

• Бейнебетте 1 минутқа тең қадаммен

азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы

көрсетіледі.

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз

келген кешіктіріп бастау уақыты (1-24

сағат) көрсетілгенше қайта-қайта

басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты

жыпылықтайды.

3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ

басталады.

• Бейнебетте 1 сағатқа тең қадаммен

азаятын кешіктіріп бастау уақытының

кері санағы көрсетіледі.

• Орнатылған бағдарлама циклдарының

индикаторлары сөнеді.

• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.
– Орындалып тұрған циклдің индикаторы

жанады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша

қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

көрсетіледі.

• Цикл индикаторлары жанады.
• Бағдарлама басталады.

Бағдарламаны біржола тоқтату

Multitab және Delay түймешігін келесі жағдай

орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

жыпылықтайды.

• Цикл индикаторлары жанады.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде цикл

индикаторлары сөнеді де, бейнебетте 0

көрсетіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

3. Судың шүмегін жабыңыз.

14

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: