Қызмет жəне қолдау ақпараты – Инструкция по эксплуатации Lenovo Tab 3 Plus X70F

Страница 28

Advertising
background image

26

R&TTE директивасына сəйкестік

Осы өнім ЕО Кеңесінің 1999/5/EC Радио жəне телекоммуникациялық
терминалдық жабдықтар туралы директивасының (R&TTE) талаптары мен басқа
да ережелеріне сəйкес келеді. Сəйкестік мəлімдемесінің ақпараты Lenovo
компаниясының қолдау көрсету сайтынан жүктеп алуға болатын Нормативтік
хабарландырула
р ішінде берілген. Қосымша ақпаратты осы құжаттың
«Жарияланымдарды жүктеп алу» бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: РТТЖ 1999/5/EC директивасы 2014/53/EU Радиожабдық
директивасының (РЖД) өтпелі кезеңінде 2017 жылдың 12 маусымына дейін
күшінде қалады. Содан кейін РЖД 2014/53/EU құжаты РТТЖ 1999/5/EC
құжатының орнына жүреді.

Қызмет жəне қолдау ақпараты

Төменде өнімнің кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі кезінде өніміңізге
арналған техникалық қолдау туралы мəліметтер берілген. Lenovo кепілдік
шарттары бойынша толық анықтама алу үшін Lenovo шектелген кепілдігін
қараңыз. Əрі қарай бұл құжатта толық кепілдік туралы мəліметтерді «Lenovo
шектеулі кепілдігінің
ескертуі» бөлімінен қараңыз.

Интерактивті техникалық қолдау көрсету

Өнімге қызмет көрсетудің барлық мерзімінде интерактивті техникалық қолдау
көрсету мына сайтта қолжетімді: http://www.lenovo.com/support

Телефонмен техникалық қолдау көрсету

Телефон арқылы Тұтынушыға қолдау көрсету орталығынан көмек пен ақпарат
ала аласыз. Lenovo техникалық қолдау көрсету өкіліне хабарласудан бұрын,
келесі ақпаратты білуіңіз керек: үлгісі мен сериялық нөмірі, қате туралы келген
хабарламаның түсінігі мен ақаудың сипаттамасы.
Қоңырау шалып сөйлесу кезінде құрылғыңызда техникалық қызмет көрсету
қызметінің өкілі сіздің қиындықтарыңызды тексеруі мүмкін.

Lenovo компаниясының Дүниежүзілік қолдау көрсету

телефондарының тізімі

Маңызды: телефон нөмірлері алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Ең
заманауи телефондар тізімі Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында
əрдайым келесі мекенжайда қол жетімді: http://www.lenovo.com/support/phone
Егер сіздің мемлекетіңіз бен аумағыңыздың телефон нөмірі тізімде көрсетілмесе,
Lenovo сатушысына немесе сауда өкіліне хабарласыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: