Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston H5V56 (X)

Страница 22

Advertising
background image

22

KZ

Тағам дайындау режимдері

! Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа

барлық пісіру режимдері үшін 50 °С мен Макс.

аралығына орнатуға болады
• ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС

қуат деңгейін орнатыңыз).

• ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ

(кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).

a

ТҰРАҚТЫ ПЕШ режимі

Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері

қосылады. Әдеттегі тағам дайындау режимі

қолданылғанда тартпаларды бір-бірден пайдаланған

дұрыс. Әйтпесе, қызу дұрыстап таралмайды.

b

ПЕШ ЖЕЛДЕТКІШІ режимі

Үстіңгі және төменгі қыздыру элементтері қосылады

және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Пештің

қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі

қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны

пайдалануға болады.

ГРИЛЬ

режимі

Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі

қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін

температурасын беттік температураның жоғары

болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн

(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл

пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және

кіші тағамдарды грильде пісіруге қолайлы. Тағамды

тартпаның ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа

қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.

ҚОС ГРИЛЬ

режимі

Жоғарғы қыздыру элементі мен айналмалы істік

қосылады.

Мұның арқасында әдеттегі грильден кең гриль

аумағы қамтамасыз етіледі және инновациялық

дизайн пісіру тиімділігін 50 %-ға арттырып,

бұрыштағы салқын аумақтардың пайда болуына жол

бермейді. Тағамның үстін біркелкі қызарту үшін осы

гриль режимін қолданыңыз.

ҚОС ГРИЛЬ режимі

Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі іске

қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы

мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген

айналымы арқылы қыздыру элементтерінің бір

бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін арттырады.

Жылудың тағам ішіне тиімді түрде таралуын

қамтамасыз ету арқылы тағамның үсті қызармайды;

сондықтан, гриль астында тағам пісірудің немесе

істікті қолданбай кесек ет бөліктерін грильде пісірудің

керемет жолы.

! ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ЖЕЛДЕТКІШ

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін

қосқан кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.

! ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін

қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал

тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе

тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға

орналастырыңыз. ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ГРИЛЬ режимін қолданған кезде тартпаны 2- немесе

3-позицияға орналастырыңыз, ал тағам пісіру

қалдықтарын жинау үшін май жинайтын табаны

1-позицияға қойыңыз.

Электрондық таймер

Бұл функция уақытты көрсетеді және нөлге дейін

кері санайтын таймер ретінде жұмыс істейді.

! Барлық функциялар орнатылғаннан кейін шамамен

7 секунд ішінде қолданылады.

Сағатты қайта орнату
Құрылғы тоққа қосылғаннан кейін немесе электр

қуаты ажыратылғаннан кейін сағат жыпылықтай

бастайды да, келесі мәнді көрсетеді:

0:00

• Дәл уақытты орнату үшін

түймесін, одан

кейін

-

және

+

түймелерін басыңыз. Жылдамырақ

өзгерту үшін түймелерді басып, ұстап тұрыңыз.

Кез келген өзгертуді жоғарыдағы процесті қайталау

арқылы орындауға болады.

Advertising