Іске қоспас бұрын – Инструкция по эксплуатации LG VB8607NCAG
Страница 62
13
ҚАЗАҚ
Іске қоспас бұрын
1. Қашықтан басқару пультінің артқы ілмегін көтеру арқылы батарея қақпағын ашыңыз.
2. Жүктеу кезінде +, - тораптарын тексере отырып, екі ААА батареясын салыңыз.
3. Батарея шығып кетпейтін етіп, батарея қақпағын толығымен жабыңыз.
• Бір мезгілде тек бір түйме басыңыз.
• Оны құлатып алуға немесе соққыға ұшыратуға болмайды.
• Оны жылу, от немесе ыстық ауа шығаратын құрылғылардың жанында сақтауға болмайды.
• Белгілі бір флуоресцентті шамдар, мысалы, үш жолақты радиациялық шамдар қашықтан
басқару пультінің активациясына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан, мұндай шамдардан
барынша қашықта пайдаланыңыз.
• Егер қашықтан басқару пульті қосылған кезде Робот тазалаушыдан алыста тұрса, ол дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Құрылғыны, мүмкін болса, Робот тазалаушыдан 3 м қашықтықта
пайдаланыңыз.
Тазаламас бұрын тексеріңіз
Қашықтан басқару пульті батареясын салу
Қашықтан басқару пультін пайдалану кезіндегі сақтандырулар
– +
+ –
– +
+ –
– +
+ –
• Бұл құрылғыны бала жалғыз қалған бөлмеде пайдалануға болмайды. Бала жарақаттануы мүмкін.
• Тазаланатын бөлмеден нәзік немесе қажетсіз нәрселерді алып тастаңыз.
Әсіресе қымбат керамика бұйымдар және құнды заттарды еденнен алыңыз.
• Тазаламас бұрын шаң қабының қақпағын жабыңыз.
• Еденде болуы мүмкін қандай да бір дымқылды сүртіп алыңыз.
• Сымдарды, жіптерді, сүлгілерді, алашаларды еденнен алып тастаңыз, олар щеткаға ілінбейді.
• Батареяда заряд жеткілікті екенін тексеріңіз, ол аз болса, оны зарядтаңыз.
• Шаң қабын әр тазалау алдында немесе одан кейін не толған кезде босатып тұрыңыз.
• Робот тазалаушының кіруін қаламайтын бөлмелердің есіктерін жабыңыз. Тазалау барысында
Робот тазалаушы басқа бөлмеге кіріп, тазалауды жалғастыруы мүмкін.
• Сүрткіш бекітілгенде робот тазалаушы 5 мм немесе одан асатын беткейлердің үстіне шыға
алмайды. Тазалау үшін сүрткішті пайдаланбайтын болсаңыз, Робот тазалаушыны пайдаланбас
бұрын сүрткішті алып тастаңыз.
• Құрылғыны іске қоспас бұрын, 20 мм-ден қалың кілемдерді алып тастаған жөн, себебі олар
жабдықтық дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
• Балкон есіктерін жабыңыз. Оның дөңгелектері тазалау барысында тұрып қалуы мүмкін.