Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ СМА 70С1010-02 приложение

Страница 12

Advertising
background image

12

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

тырмасына басу арқылы орындалады — батырма индикаторы жа-

нады және уақыт индикаторында жуудың басталуын кідіртудің 24

сағат максималды уақыты пайда болады («24:Н»). батырма-

сына баса отырып, қажетті уақытты көрсеткен жөн (көрсеткішті

өзгерту интервалы 1 сағ.).

Осы функцияны болдырмау қажет болған уақытта

ба-

тырмасына баса отырып, «0:Н» уақытын көрсету қажет (жуу

басталғанға дейін), — батырма индикаторы сөнеді.

1.8 БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ЖУУДЫҢ БАСТАЛУЫ

1.8.1 Машинаның жуудың таңдалынған бағдарламасы бойын-

ша жұмысын бастауы үшін

батырмасын басқан жөн — батыр-

ма индикаторы жанады, дыбыстық сигнал беріледі, есіктің блоктау

құрылғысы іске қосылады және жуу басталады. Уақыт индикато-

рында жуу аяқталғанға дейін уақытты артқа санау басталады. Жуу

кезінде, сонымен қатар, жуудың орындалатын операциясы инди-

каторы, температура, сығу жылдамдығы және қосымша функци-

ялар индикаторлары жанатын болады (егер олар таңдалынған

болса). Егер «Кейінге қалдырылған старт» ( ) қосымша функци-

ясы таңдалса, онда уақыт индикаторында кір жууды бастағанға

дейін уақыт есебі басталады (уақыт көрсеткіші жыпылықтайды,

тетігінің индикаторы — жанады).

1.8.2 Киімді крахмалдауды жуудан кейін орындау

ұсынылады. Крахмалдау үшін суға крахмалдауға арналған

арнайы құралды оның өндірушісінің ұсыныстарына сәйкес,

машинаға шамамен 15 л су құйылады деген есеппен еріту

қажет. Крахмалдауға арналған сұйық құралды пайдалану

жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес машина тартпасына құю (6 бөлім).

Тұтқаны «Шаю» бағдарламасына орнату, қажет болған жағдайда

сығу жылдамдығын таңдау,

батырмасына баса отырып,

бағдарламаны қосу.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Крахмалдауға арналған киім кон-

диционермен өңделмеген болуы тиіс.

1.9 МАШИНА ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПАУЗА

1.9.1 Машинаның жұмысын бағдарламасын тоқтатпастан

кідірту қажет болған жағдайда,

түймесін басу қажет —

дыбыстық сигнал беріледі,

түймесінің индикаторы өшіп-жанып

тұрады, уақытты санау және жуу үдерісі тоқтатылады, уақыт ин-

дикаторында «Р» жанады.

Егер осы уақытта машинаның ішіндегі су аз болса, есіктің

кілттеу құрылғысы сөндіріліп, есікті ашуға болады. Ал су көп бол-

са, есіктің кілттеу құрылғысы сөндірілмейді және есікті ашу үшін

бағдарламаны тоқтату қажет болады (1.10 қара).

Жууды жалғастыру үшін

түймесін басу қажет. Машина

бағдарламаны тоқтатылған жуу операциясынан бастап әрі қарай

жалғастырады, жууды аяқтау уақыты көбеюі мүмкін.

Кейбір бағдарламаларда машинаның жұмысын тоқтату

мүмкін емес, себебі жуу барысында мол су пайдаланылады.

Егер жуу барысында есікті ашу қажет болса, осы бағдарламаны

тоқтату қажет (1.10 қара).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер барабандағы су деңгейі есік

шынысы арқылы көзбен анықталатын болса, машинаның

есігін ашпаңыз.

1.10 БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРТПАУ

1.10.1 Орындалатын бағдарламаны алып тастау үшін,

тетігін 3 с ішінде басып ұстау керек – уақыт индикаторын-

да ажыратылғанға дейін (мысалы «3...2...1») қалған уақыт есебі

(секундтарда) басталады, «OFF» жазбасы жанады. Кейін ма-

шина ажыратылады және орындалатын бағдарлама алып та-

сталынады. Есікті ашу қажет болған жағдайда, «Құйып алу»

бағдарламасын таңдап әрі қосып, суды құйып алу керек.

1.11 МАШИНАНЫ СӨНДІРУ

1.11.1 Кір жуудың соңғы операциясы аяқталғаннан кейін, уақыт

индикаторында «End» жазбасы пайда болады, есіктің бұғаттау

құрылғысы ажыратылады, дыбыстық сигнал беріледі, кір жуу

операциясының индикаторы және

тетігінің индикаторы сөнеді.

Егер машина электр желісінен ажырытылмаса, онда

дыбыстық сигнал бір минут аралықпен тағы да бес рет беріледі,

ал кір жуу аяқталғаннан кейін 15 минуттан соң индикация сөнеді

және машина автоматты түрде ажыратылады.

1.11.2 Жуу аяқталғаннан кейін батырмасын басу — маши-

на сөнеді. Сосын қоректендіру бауын розеткадан шығарып және

суды жіберу кранын жабу қажет. Есікті ашу және киімдерді шығару.

2 Ж У У Б А Ғ Д А РЛ А М А Л А Р Ы

2.1 Машинада жуудың стандартты (Мақта, Синтетика, Ара-

лас маталар, Жүн) және арнайы (Жібек, Қолмен жуу, Супержыл-

дам 15 мин, Балалар киімі, Көйлектер, Джинса, Спорттық аяқ киім,

Қара киімдер, Сыртқы киім, Шаю, Төгу, Сығу) бағдарламалары

қарастырылған.

2.2 Арнайы бағдарламалар жуылатын бұйымдардығ

ерекшеліктерін ескереді.

«Жібек» — жібек бұйымдар, іш киім, перделерді жууға

арналған бағдарлама. Бағдарламада қарастырылған күтіп сығу

маталарды иленуден қорғайды.

«Қолмен жуу» өте жұқа және нәзік маталардан жасалған

бұйымдарды жуу үшін арналған, олардың маркалануында күтім

бойынша

немесе

символдары бар.

Бағдарлама қысқа күтімді сығумен аяқталады.

«Супержылдам 15 мин» жылдам аз ластанған бұйымдардың

аз мөлшерін жууға мүмкіндік береді, бұл уақыт пен электр қуатын

үнемдейді. Бағдарламаны пайдалана отырып, суық суда әр түрлі

маталардан жасалған іш киімдерді жууға болады (жүн мен жібекті,

сонымен қатар, қолмен жууға арналған бұйымдарды қоспағанда).

«Балалар киімі» — балалар киімін, жаялықтарды, төсек-

орынды, орамалдарды, сүлгілерді және т.б. жууға арналған

бағдарлама. Бағдарламаны жуғыш құралдарға аллергиясы бар

адамдарға меншікті бұйымдарды жуу үшін пайдалану ұсынылады.

Бағдарламаны орындау кезінде жуу мен шаюдың жоғары

тиімділігі қамтамасыз етіледі. Бағдарламаны таңдаған уақытта

автоматты түрде «алдын-ала жуу» функциясы қосылады, оны

батырмасына басу арқылы сөндіруге болады.

«Көйлектер» — әр түрлі маталардан жасалған және түстері

әр түрлі көйлектер мен блузкаларды жууға арналған бағдарлама.

Бағдарлама заттардың максималды сақталуын қамтамасыз етеді,

жуу кезіндегі күтімді сығу арқасында маталардың иленуін азайтады.

«Джинса» — джинса материалдан жасалған бұйымдарды

жуу үшін арналған бағдарлама. Жуу үрдісінде мата деформа-

цияланудан сақталады, оңу және түссізденудің алды алынады.

«Қара заттар» — ерекше күтімді қажет етпейтін мақта және

синтетикалық маталардан жасалған қара түсті бұйымдарды жуу

үшін арналған бағдарлама.

«Сыртқы киім» — су сіңірмейтін маталардан (полиэстер,

нейлон) жасалған бұйымдарды, күртешелер, жеңіл күртешелер,

жадағайлар, спорттық киімдерді жууға мүмкіндік беретін

бағдарлама. Жуар алдында манжета, жаға және дақтары бар

учаскелерді жуудың жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін алдын-ала

өңдеу ұсынылады. Бағдарлама мамықтан жасалған күртешелерді

жуу үшін арналмаған.

Жуу кезінде кондиционер немесе кондиционері бар жуғыш

құрал пайдалану ұсынылмайды.

3 МАШИНА ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІК ТЕР

3.1 Машинада есікті апатты режимде ашу мүмкіндігі

қарастырылған (электр қуат көзін ажыратқан кезде).

Есікті ашу үшін, сүзгіш қақпағын ашу керек( 4-сур.қараңыз),

өзіне тартып, бекіткіштен тартылыс күшін алу. Кейін тартылыс

күшін астына қарай тартып, бір уақытта есікті ашу. Есікті ашқаннан

кейін, тартылыс күшін тағы да бекіткішке кигізу керек.

күш

4

сурет

бекіткіш

сүзгі қақпағы

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: