Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3960 BK

Страница 46

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

6

жазып алу сапасын құртып алудан

қорықпай, дыбыс қаттылығының деңгейін

реттей аласыз.

5. Жазып алуды бастау үшін PAUSE

батырмасын басыңыз.

6. Жазып алуды уақытша тоқтату үшін

PAUSE батырмасын басыңыз. Жазып

алуды қалпына келтіру үшін осы

батырманы тағы бір рет басыңыз.

7. Жазып алуды тоқтату үшін STOP/EJ

батырмасын басыңыз. Кассета аяғына

дейін жазылғаннан кейін жазып алу

автоматты түрде тоқтайды.

БАСҚА МУЗЫКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДАН

ЖАЗЫП АЛУ

Сіз басқа музыкалық құрылғылардан

жазып ала аласыз, мысалы CD дискіден

немесе USB құрылғыдан. Қалаған

музыкалық құрылғыңызды қосыңыз және

РАДИОҚАБЫЛДАҒЫШТАН ЖАЗЫП АЛУ

тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.

USB ҚҰРЫЛҒЫ

1. POWER батырмасын басып, магнитоланы

қосыңыз.

2. USB-құрылғымен жұмыс істеу режимін

таңдау үшін LCD-дисплейде «USB»

индикаторы пайда болғанға дейін

FUNCTION батырмасын кезекпен

басыңыз.

3. USB құрылғыны (мысалы, шағын МРЗ

плейер немесе флэш-тасығыш) USB

ағытпаға (39, 1-сурет) салыңыз. LCD-

дисплейде папкалар мен тректердің саны

бейнеленеді.

Total Folder – барлық папкалар, Total Track

– барлық тректер

Ескерту: Егер USB ағытпаға не шағын МРЗ

плейер, не флэш-тасығыш қосылмаса, LCD-

дисплейде «NO DEV» индикаторы пайда

болады.

4. Ойнату үшін PLAY/PAUSE батырмасын

басыңыз.

5. USB-құрылғымен жұмыс істеу кезінде

басқару батырмалары және іс-әрекеттер

жүйелігі МР3 дискімен жұмыс істеу

кезіндегі басқару батырмаларына және

іс-әрекеттер жүйелігіне ұқсас келеді.

МР3 ДИСКІНІ ОЙНАТУ тарауындағы

нұсқауларды басшылыққа алыңыз.

SD ЖАД КАРТАСЫ

1. POWER батырмасын басып, магнитоланы

қосыңыз.

2. SD жад картасымен жұмыс істеу

режимін таңдау үшін LCD-дисплейде

«SD» индикаторы пайда болғанға

дейін FUNCTION батырмасын кезекпен

басыңыз.

3. Жад картасын SD/MMC ағытпаға (3, 1-

сурет) салыңыз. LCD-дисплейде папкалар

мен тректердің саны бейнеленеді.

Total Folder – барлық папкалар Total Track

– барлық тректер

Ескерту: Егер ағытпаға (3, 1-сурет) ешқандай

SD/MMC карта қосылмаса, LCD-дисплейде

«NO SD» индикаторы пайда болады.

4. Ойнату үшін PLAY/PAUSE батырмасын

басыңыз .

5. Жад картасымен жұмыс істеу кезінде

басқару батырмалары және іс-әрекеттер

жүйелігі МР3 дискімен жұмыс істеу

кезіндегі басқару батырмаларына және

іс-әрекеттер жүйелігіне ұқсас келеді.

МР3 ДИСКІНІ ОЙНАТУ тарауындағы

нұсқауларды басшылыққа алыңыз.

3960IM.indd 46

12.10.2007 15:50:58

Advertising