Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3952 OG

Страница 29

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

29

VT-3952 CD/МР3 Магнитола

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Құрылғыны қосудың, пайдаланудың және баптаудың алдында нұсқаулықпен мұқият танысып

шығыңыз. Осы нұсқаулықта берілген құрылғыны пайдалану жөніндегі барлық ескертулерді және

нұсқауларды орындау қажет.

Нұсқаулықты сақтап қойыңыз, оны бұдан былай анықтамалық материал ретінде пайдаланыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Электр тогына түсу қаупі бар! АШУҒА

БОЛМАЙДЫ!

Ескерту: Өрт туындау немесе электр тогына түсу қатеріне жол бермеу үшін құрылғыны

жаңбырдың немесе ылғалдылықтың әсеріне ұшыратпаңыз.

Электр тогына түсу қатеріне жол бермеу үшін құрылғының корпусын өз бетіңізше ашпаңыз.

Сервистік қызметті тек сервис орталықтарының білікті мамандары ғана көрсетуі қажет.

Тең қабырғалы үшбұрыштағы найзағай пайдаланушыға құрылғы корпусының

ішінде электр тогына түсуге алып келуі мүмкін қауіпті кернеудің бар екендігін

білдіреді.

Тең қабырғалы үшбұрыштың ішіндегі леп белгісі пайдалану жөніндегі

нұсқаулықта пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша маңызды

нұсқаулардың бар екендігін білдіреді.

CLASS 1 LASER PRODUCT

Осы өнім 1-СЫНЫПТАҒЫ ЛАЗЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫ ретінде сыныпталады. Сәйкесінше

затбелгі құрылғының артқы панелінде орналасқан және құрылғыда лазерлік сәулелер

пайдаланылатынын білдіреді. Лазерлік сәулелену аспапты ашпағанда мүмкін болмайды.

ҚҰРЫЛҒЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫМЕН ҒАНА

ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Қорек көздеріне қосу

Электр желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

Аспапқа тамшының тиюін немесе шашырауды болдырмаңыз. Суы бар ыдысты (мысалы

вазаны) аспапқа салмаңыз.

Желілік шнур желіге қосулы болып, аспап штекері құрылғыға қосылмаған жағдайда, соңғысы

жарамды күйде болуы керек.

Өрт туындау немесе электр тогына түсу қатеріне жол бермеу үшін осы құрылғыны ылғалдылығы

жоғары жерлерге (жуынатын бөлме, суы бар шара, асхана раковиналары, кір жуу машиналары,

жүзу бассейні, ылғал жертөле) орнатпаңыз. Құрылғыға тамшылар мен шашырандылардың

түсуіне жол бермеңіз. Құрылғының үстіне сұйықтық толы ыдыстарды қоюға тыйым салынады

(мысалы гүл құмыралары).

Розеткалар мен ұзартқыштарға көп күш түсірмеңіз, бұл өрт туындау немесе электр тогына түсу

қатеріне алып келуі мүмкін.

3952IM.indd 29

20.06.2008 11:40:04

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: