Қауіпсіздік нұсқаулары, 1 балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі, 2 орнату – Инструкция по эксплуатации AEG S63300KDX0

Страница 15: Электртоғына қосу

Advertising
background image

1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар

алдында бірге жеткізілген

нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен

дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам

жарақат алса және ақаулық орын алса

өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі

сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз

адамдардың қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын!

Тұншығып қалу, жарақат алуы

немесе мүгедек болып қалу

қаупі бар.

• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан

балалар және кемтар, сезім немесе

ой-қабілетіне нұқсан келген

адамдар немесе тәжірибесі немесе

білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін

қамтамасыз ететін адамның

бақылауында бола тұрып,

құрылғыны пайдалану жөнінде тиісті

нұсқаулар алса пайдалануына

болады.

• Балаларға құрылғымен ойнауға

рұқсат бермеңіз.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз.

• Балалар тазалау және күтім көрсету

жұмыстарын басқаның

бақылауынсыз орындамауға тиіс.

1.2 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті

маман ғана орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі

абай болыңыз, себебі салмағы

ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын

киіңіз.

• Құрылғының айналасында ауа

айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны тоққа қосар алдында

кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл

майдың компрессорға қайта

құйылуына мүмкіндік беру үшін

қажет.

• Құрылғыны радиаторға немесе

пештерге, тұмшапешке немесе

пештің үстіне жақын орнатпаңыз.

• Тек суға қосылатын құрылғыларға

ғана қатысты: ауыз суына ғана

қосыңыз.

• Құрылғының артқы жағы қабырғаға

қарап тұруға тиіс.

• Құрылғыны күннің жарығы тура

түсетін жерге қоймаңыз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Электртоғына қосу жұмыстарын

білікті электрші ғана іске асыруға

тиіс.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге

хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған,

қатерден сақтандырылған

розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен

ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

• Электр бөлшектеріне зақым

келтірмеңіз (мысалы, ашасына,

сымына, компрессорға). Электр

бөлшектерін өзгерту үшін қызмет

көрсету орталығына немесе

электршіге хабарласыңыз.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін

ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан

кейін ашаның қол жететін жерде

тұрғанына көз жеткізіңіз.

ҚАЗАҚ

15

Advertising