Функциялар, 1 extrahygiene, 2 multitab – Инструкция по эксплуатации AEG F65040VI1P

Страница 24: 3 дыбыстық сигналдар

Advertising
background image

5. ФУНКЦИЯЛАР

5.1 ExtraHygiene

Осы функцияны пайдаланғанда

тазалық барынша жақсы сақталады.

Шаю циклі кезінде температура кем

дегенде 10 минут 70 °C градуста

тұрады.
ExtraHygiene функциясын іске қосу
1. ExtraHygiene түймешігін басыңыз.

Тиісті индикатор жанады.

Бейнебетте бағдарлама

ұзақтығының мәні жаңартылып

көрсетіледі.
• Егер бұл параметр

бағдарламада жұмыс істемесе,

тиісті индикатор 3 рет жылдам

жыпылықтайды да, содан кейін

сөнеді.

5.2 Multitab

Бұл параметрді аралас жуғыш

таблеткаларды қолданғанда ғана іске

қосыңыз.

Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды

ағызбай тоқтатады. Тиісті

индикаторлар сөніп тұрады.

Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті

индикатор жанады.

Егер аралас таблетканы қолдануды

тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат

мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке

қолданар алдында мына қадамдарды

орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

2. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз

жеткізіңіз.

3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат

қолданбай және ыдыс салмай

орындаңыз.

4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне

лайықтап қойыңыз.

5. Шайғыш заттың қосылатын

мөлшерін реттеңіз.

5.3 Дыбыстық сигналдар

Құрылғыда ақау пайда болған кезде,

су жұмсартқыштың деңгейін реттеген

кезде және бағдарлама аяқталғанда

дыбыстық сигналдар естіледі.

Әдетте бұл дыбыстық сигналдар

қосылып тұрады, бірақ оларды

сөндіруге болады.
Дыбыстық сигналдарды қалай

сөндіруге болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.

Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,

"Бағдарламаны орнату және

бастау" тарауын қараңыз.

2. (4) және (5) түймешіктерін (3), (4)

және (5) түймешіктерінің

индикаторлары жыпылықтай

бастағанша бірге басып ұстап

тұрыңыз.

3. (5) түймешігін басыңыз,

• (3) және (4) түймешіктерінің

индикаторлары сөнеді.

• (5) түймешігінің индикаторы

жыпылықтауын жалғастырады.

• Бейнебетте ағымдық параметр

көрсетіледі.

Дыбыстық

сигналдар

қосулы.
Дыбыстық

сигналдар

сөндірулі.

4. Параметрді өзгерту үшін (5)

түймешігін басыңыз.

5. Құрылғыны сөндіру және

параметрді растау үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.

24 www.aeg.com

Advertising