Күту менен тазалау, 4 себеттерді толтыру, 5 бағдарламаны бастау алдында – Инструкция по эксплуатации AEG F99015IM0P

Страница 14

Advertising
background image

орамындағы нұсқауларды

қараңыз.

8.3 Аралас таблеткаларды

пайдалануды тоқтатқыңыз

келсе

1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

2. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз

жеткізіңіз.

3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат

қолданбай және ыдыс салмай

орындаңыз.

4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне

лайықтап реттеңіз.

5. Шайғыш заттың қосылатын

мөлшерін реттеңіз.

8.4 Себеттерді толтыру

Себеттерді толтыру

мысалдары көрсетілген

парақшаны қараңыз.

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада

жууға болатын заттарды жуу үшін

ғана қолданыңыз.

• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы

және мыстан жасалған заттарды

құрылғыға салмаңыз.

• Құрылғыға су сіңіретін заттарды

(жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.

• Заттарға жабысқан тағам

қалдықтарын алыңыз.

• Күйіп жабысып қалған тағамды оңай

тазалау үшін кәстрөлдер мен

табаларды құрылғыға салмай

тұрып, суға салып жібітіңіз.

• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,

стакан және кәстрөл) аузын төмен

қаратып салыңыз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты

араласып кетпейтін етіп салыңыз.

Қасықтарды басқа ас құралдарымен

араластырып салыңыз.

• Стакандарды бір-біріне тигізбей

салыңыз.

• Кішкене заттарды ас құралдары

себетіне салыңыз.

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке

салыңыз. Заттарды жылжып

кетпейтін етіп салыңыз.

• Бағдарламаны бастамай тұрып,

бүріккіш түтіктердің еркін айнала

алатынына көз жеткізіңіз.

8.5 Бағдарламаны бастау

алдында

Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және

орнатылып тұрғанын.

• Бүріккіш түтіктердің бітеліп

қалмағанын.

• Заттардың себеттерге дұрыс

салынғанын.

• Бағдарламаның салынған ыдыстың

түріне және ластану дәрежесіне сай

екенін.

• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде

қолданылғанын.

• Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш

заттың (егер аралас жуғыш

таблетканы қолданбасаңыз) бар

екенін.

• Тұз сауытының қақпағының мықтап

жабылғанын.

9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны жөндеу алдында

электр желісінен ағытып,

ашасын розеткадан суырыңыз.

Қоқыс тұрған сүзгілер мен

бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін

төмендетеді.

Уақытылы тексеріп, қажет

болса тазалаңыз.

14 www.aeg.com

Advertising