10 температура, Параметрлер, 1 дыбыстық сигналдар – Инструкция по эксплуатации AEG L86560TL

Страница 18: 2 балалар құлпы функциясы, 3 тұрақты қосымша шаю, Бірінші қолданғанға дейін, 1 тілді орнату

Advertising
background image

Мата мыжылып қалмас үшін осы

функцияны орнатыңыз. Бағдарлама

аяқталған кезде құрылғы суы

төгілмейді.

7.10 Температура

Әдепкі температураны өзгерту үшін

осы түймешікті түртіңіз.

және

белгілері = суық су

8. ПАРАМЕТРЛЕР

8.1 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигнал келесі жағдайларда

естіледі:
• Құрылғыны іске қосқанда.

• Құрылғыны сөндіргенде.

• Түймешіктерді басқанда.

• Бағдарлама аяқталғанда.

• Құрылғыда ақау бар кезде.

Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу

үшін Пятна/Предварит.стирка және

Доп.полоскание түймешіктерін 6

секунд қатар басыңыз.

Егер дыбыстық

сигналдарды сөндірсеңіз,

олар түймешіктерді басқан

кезде және ақаулық орын

алған кезде ғана іске

қосылады.

8.2 Балалар құлпы

функциясы

Осы функцияның көмегімен балаларға

басқару панелімен ойнауға жол

бермейсіз.

• Осы функцияны іске қосу/сөндіру

үшін, Температура және Отжим
түймешіктерін индикаторы

жанғанша/сөнгенше қатар

басыңыз.

Осы функцияны іске қосуға болады:
• Старт/Пауза түймешігін түрткеннен

кейін: барлық түймешіктер мен

бағдарлама тетігі сөнеді.

• Старт/Пауза түймешігін басар

алдында: құрылғы іске

қосылмайды.

8.3 Тұрақты қосымша шаю

Осы функцияның көмегімен қосымша

шаю параметрін тұрақты түрде, жаңа

бағдарламаны орнатқан кезде

қолданатын етіп орнатуға болады.
• Осы функцияны іске қосу/сөндіру

үшін Экономия времени және

Oтсрочка старта түймешіктерін
бейнебетте

индикаторы

жанғанша/сөнгенше қатар

басыңыз.

9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Жуу циклының жуғыш затына

арналған бөлікке 2 литр су

құйыңыз.

Бұл су төгу жүйесін іске қосады.

2. Жуу циклына арналған бөлікке

шамалы жуғыш зат салыңыз.

3. Мақта матаға арналған

бағдарламаны орнатып, ең жоғары

температураға қойып ешбір кір

салмай жуыңыз.

Бұл цикл барабан мен машинаның

ішінде бар болуы мүмкін кірлердің

барлығын кетіреді.

9.1 Тілді орнату

Құрылғыны алғаш рет іске қосқан

кезде бейнебетте әдепкі тіл

көрсетіледі де, оны растауды немесе

өзгертуді сұрайды.
1. Қажетті тілді орнату үшін

бағдарлама тетігін бұраңыз.

2. Бейнебетте қажетті тіл көрсетілген

кезде таңдауды растау үшін Старт/

Пауза түймешігін басыңыз.

www.aeg.com

18

Advertising