Әркүндік қолдану, 1 мұздатылған тағамды сақтау, 2 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации AEG S57380CNX0

Страница 10: 3 жібіту, 4 жылжымалы сөрелер

Advertising
background image

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан

кейін (есік жабылғанда) дыбыстық

сигнал өшеді. Сигналды кез-келген

түймешікті басып сөндіруге де болады.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

5.1 Мұздатылған тағамды

сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз

уақыт пайдаланбай барып іске қосқан

кезде, тағамды камераға салмай

тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат

FROSTMATIC функциясына қойып іске

қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары

өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды

жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік

береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті

сақтау үшін ауаның алмасуын

жақсарту үшін орнында тұруға тиіс

астыңғы тартпадан басқа барлық

тартпаларды алып тастаңыз.

Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм

шығып тұратын тағам салуға болады.

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Мысалы, электр қуаты

өшіп қалып құрылғы мұзы

кездейсоқ жібіп кетсе және

электр қуаты, техникалық

параметрлер кестесінің

"температураның

жоғарылау уақыты"

бөлімінде көрсетілген

шамадан да ұзақ уақыт жоқ

болса, тағамды дереу

тауысу не пісіріп барып

қайта тоңазыту керек

(салқындатқан соң).

5.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды

мұздату мен тоңазыған және

мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт

сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін

орнатылған параметрдің мәнін өзгерту

қажет емес.

Жаңа тағамды мұздату үшін

FROSTMATIC функциясын,

мұздатылатын тағамды мұздатыш

бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде

24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды

астыңғы бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын

тағамның ең көп мөлшері құрылғының

ішіндегі техникалық ақпарат

тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:

осы уақыт аралығында мұздатқыңыз

келген басқа тағамды қосып

салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін

қажетті температураға қайта

оралыңыз ("FROSTMATIC Функция"

тармағын қараңыз).

Бұндай жағдайда,

мұздатқыш бөліктің

температурасы 0°C

градустан төмен түсуі

мүмкін. Бұндай жағдай

орын алса, температура

тетігін жылырақ

параметрге қойыңыз.

5.3 Жібіту

Қатты мұздатылған немесе

мұздатылған тағамды пайдалану

алдында уақыттың мүмкіншілігіне

қарай, мұздатқыш бөлікке салып

немесе бөлме температурасында

жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан

алған бетте тура пісіре беруге болады.

бұндай жағдайда пісіру ұзаққа

созылады.

5.4 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында

сөрелерді қалауыңызша

орналастыруға арналған бірнеше

бағыттауыш бар.

www.aeg.com

10

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: