Күту менен тазалау, Мерзімді тазалау, Мұздатқыш камераның мұзын еріту – Инструкция по эксплуатации AEG AGN71800F0

Страница 13

Advertising
background image

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын

құрылғыны электр желісінен

ағытыңыз.

Бұл құрылғының салқындатқыш

құралында сутегілі көміртек бар;

сондықтан да, жөндеу жұмыстары

мен оны қайта толтыруды тек

уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға

тиіс.

МЕРЗІМДІ ТАЗАЛАУ

Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру керек:
• ішкі жағы мен керек-жарақтарын ас содасы

(0,5 литр суға 5 мл) қосылған жылы сумен

жуыңыз

• есіктің тығыздағыштарын мезгіл-мезгіл

тексеріп, қоқыстан арылту үшін тазалап

сүртіп отырыңыз

• шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.

Камераның ішіндегі түтікше және/

немесе сымдардың ешқайсысын

тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге

болмайды.

Жуғыш заттар, жеміргіш ұнтақ, әтір

иісі қатты шығатын тазалағыш зат

немесе жылтыратқыш балауызбен

тазаламаңыз, себебі бұндай заттар

құрылғының ішкі бетін бүлдіріп, қатты

иіс қалдырады.

Құрылғының түбінде орналасқан желдеткіш

торды жылына бір рет алып, ауа өткізетін

саңылауларын шаңсорғышпен тазалаңыз.

Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының

жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды

азайтуға көмектеседі.

Сақтандыру туралы ескерту!

Салқындатқыш жүйені бүлдіріп

алудан сақтаныңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫҢ

МҰЗЫН ЕРІТУ

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш камераның қырауының

қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,

оны жібітіңіз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1.

Температура тетігін "0" қалпына қойыңыз

да, ашаны розеткадан суырыңыз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз.

4.

Үш үлкен тартпаны алыңыз.

5.

Жібіту аяқталған кезде астыңғы кішкене

тартпаға жиналған суды төгіп, ішін мұқият

құрғатыңыз.

Ашаны розеткаға сұғыңыз да, термостатты

басқару тетігін орташа параметрге қойыңыз.

Содан кейін құрылғыны кем дегенде екі сағат

"Жылдам жібіту" режиміне қойып қосып,

алдында алынған тағамдарды қайта салыңыз.

ҚАЗАҚ

13

Advertising