1 сөре сырғытпаларын алу, 2 каталитті қабырғалар, 3 тұмшапештің есігін тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG 31645GM-WN

Страница 20

Advertising
background image

11.1 Сөре сырғытпаларын алу

2

1

Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа

жолдарды алып қоюға болады.

1.

Сөре сырғытпасының алдыңғы

жағын қабырғадан тартып

шығарыңыз.

2.

Сырғытпа жолдардың артқы

жақтарын қабырғадан ағытып

алыңыз.

Сөре сырғытпаларын әрекеттерді

керісінше орындап салыңыз.

Сөре сырғытпаларының доғал

ұштары алдыңғы жаққа қарап

тұруға тиіс.

11.2 Каталитті қабырғалар

Каталитті қаптамасы бар қабырғалар

өздігінен тазаланады. Мұндай қаптама

тұмшапеш жұмыс істеп тұрған кезде

қабырғаға шашыраған майды сіңіріп

алады.
Тұмшапеш өздігінен тазалануы үшін

ішіне тағам салмастан мезгіл-мезгіл

қыздырыңыз.

1.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

2.

Тұмшапеш ішіндегі керек-

жарақтардың барлығын алыңыз.

3.

Есікті жабыңыз.

4.

Тұмшапештің функциясын

орнатыңыз.

5.

Тұмшапештің температурасын 250

°C-қа қойыңыз да, тұмшапешті 1

сағат іске қосыңыз.

6.

Тұмшапештің ішін жұмсақ, дымқыл

жөкемен тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Тұмшапештің каталитті

қаптамасының бетін пешке

арналған спрей, түрпілі

тазартқыш, сабын немесе

басқа тазартқыш заттармен

тазаламаңыз. Мұндай заттар

каталитті қаптаманы бүлдіруі

мүмкін.

Каталитті қаптаманың түсінің

оңуы каталиттің сипаттарына

әсер етпейді.

11.3 Тұмшапештің есігін

тазалау

Тұмшапештің есігінде бірінің артында

бірі орнатылған екі шыны панель бар.

Тазалау жұмысын жеңілдету үшін

тұмшапештің есігін алыңыз.

Назарыңызда болсын!

Есік өз орнында тұрғанда ішкі

панельді алуға әрекет

жасасаңыз, тұмшапештің есігі

жабылып қалуы мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Шыны есікті тазаламас бұрын,

шыны қабаттардың салқын

болуын тексеріңіз. Шынының

сынып кету қаупі бар.

Назарыңызда болсын!

Есіктің шыны қабаттары

зақымданса немесе оларға

сызат түссе, осал болуы және

сынып кетуі мүмкін. Бұндай

жағдайдың алдын алу үшін

оларды ауыстыру қажет.

Қосымша нұсқауларды

жергілікті қызмет көрсету

орталығына хабарласып

алыңыз.

20 www.aeg.com

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: