3 пайдалану, 4 құрылғыны тастау – Инструкция по эксплуатации AEG F99015VI1P

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғының ашасына және сымына

зақым келтірмеңіз. Зақым келген

электр сымын ауыстырту үшін

қызмет көрсету орталығына немесе

электршіге хабарласыңыз.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін

ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан

кейін ашаның қол жететін жерде

тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін

сымынан тартпаңыз. Әрқашан

ашасынан тартып суырыңыз.

1.3 Пайдалану

• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты

төменде аталған жерлерде

қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және

басқа жұмыс орындарының

қызметкерлерге арналған ас

бөлмелерінде

– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен

басқа да тұрғынды жерлерде

– Төсек және таңғы аспен

қамтамасыз ететін жерлерде.

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу қауіпі бар.

• Бұл құрылғының техникалық

сипаттамасын өзгертпеңіз.

• Өткір ұшты пышақтар мен ас

құралдарының ұштарын төмен

қаратып немесе көлденеңінен қойып

ас құралдарына арналған себетке

салыңыз.

• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде

соғылып қалмас үшін қараусыз

қалдырмаңыз.

• Ашық тұрған есікке отырмаңыз

немесе үстіне шықпаңыз.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған

жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың

орамында көрсетілетін нұсқауларды

орындаңыз.

• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе

ішуге болмайды.

• Ыдыстарды бағдарлама

аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.

Ыдыстарда жуғыш зат болуы

мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Электр, өрт қатері пайда болуы

немесе адам күйіп қалуы

мүмкін.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды құрылғының ішіне, қасына

немесе үстіне қоймаңыз.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы

спрейді және буды қолданбаңыз.

• Бағдарлама орындалып тұрғанда

құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу

шығуы мүмкін.

1.4 Құрылғыны тастау

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу немесе тұншығып

қалу қаупі бар.

• Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

• Қуат сымын кесіп алыңыз да,

қоқысқа тастаңыз.

• Балалар мен жануарлар құрылғыға

қамалып қалмас үшін есіктің

бекітпесін алыңыз.

4

www.aeg.com

Advertising