Тазалау жолы – Инструкция по эксплуатации Panasonic NC-ZA1
Страница 128
KZ36
Сүт көпірткіш ұшы:
Сүт көпірткіш ұшын сүт мәзірін дайындаған күні тазалап отырыңыз.
1
Диспенсерді ашу үшін есіктің сол жағын басыңыз. (KZ9-б)
•Есікті ашқан және жапқан кезде диспенсерді жоғарғы күйге қойыңыз,
әйтпесе ішіндегі сүт түтігі қысылып қалады.
2
Сүт көпірткіштен сүт түтігін шығарып алыңыз. Одан кейін сүт
көпірткіштегі иінтіректі жоғары қарай жинап, сүт көпірткішті
өзіңізге қарай тартып шығарып алыңыз.
Иінтірек
3
Сүт көпірткішінің қақпағын ашыңыз. Одан кейін өлшеу
қасығының домалақ жағын сүт көпірткішінің ұшына салып,
45°-қа бұраңыз да, ұшты шығарып алыңыз. Бұраған кезде ұш
сәл көтеріледі, сөйтіп оны шығарып алу оңай болады.
Қақпақ
Сүт көпірткіш ұшы
4
Сүт көпірткішінің ұшын жіңішке инемен тазалаңыз.
•Металл щетка немесе нейлон щетканы қолданбаңыз.
5
250 мл суды 7,5–15 сүт жүйесін тазалау затымен
араластырыңыз.
6
Сүт көпірткішінің барлық бөлшектерін тазалау затының
ерітіндісіне 5 сағатқа немесе ертеңгі күнге дейін салып
қойыңыз.
7
Сүт көпірткіші ұшының барлық бөлшектерін тазалау үшін
өлшеу қасығының щеткасын қолданыңыз. Сүт көпірткішінің
барлық тесіктерін және шүмегін щеткамен тазалап, жақсылап
шаюды ұмытпаңыз.
8
1–3 қадамдарын кері ретпен орындау арқылы барлық
бөлшектерді құрастырыңыз.
•Есік пен диспенсердің бетінің биіктігі бірдей екенін тексеріңіз, сөйтіп
есікті тығыз жабыңыз.
Тазалау жолы
(Жалғасы)