Мұзын еріту, Тоңазытқышты тазарту, Тағам өнімдерін сақтау бойынша ұсыныстар – Инструкция по эксплуатации Panasonic NR-B591

Страница 23

Advertising
background image

— 23 —

МҰЗЫН ЕРІТУ

Тоңазытқыш мұзын өзі автоматты түрде ерітетін болғандықтан, Сізге оны

ерітудің қажеті болмайды. Еріген мұздан пайда болған су арнайы ыдысқа

ағып, буланып кетеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Еру процесін механикалық не бқа бір жолмен жылдамдатуға болмайды.

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАЗАРТУ

Тоңазытқыш азық сақтау үшін қолданылатындықтан, оны ұдайы тазалап тұрған жөн.

Тоңазытқыштың ішін тазалау:

• Алынатын бөлшектерді алдымен жылы сабынды суға жуып, ағынды суға шайып,

әбден кептіріңіз.

Алынатын бөлшектерді ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.

• Тоңазытқыштың ішкі қабырғаларын шүберекті жылы суға малып алып, сүртіңіз. Егер

қабырғалары қатты кірлеген болса, сабынды суға салынған губкамен, сосын таза ылғал шүберекпен сүртіңіз.

Тоңазытқыштың сыртын тазалау:

• Тоңазытқыштың сыртын бейтарап жуғыш құралмен жуыңыз.Таза суға батырылған шүберекпен тазалап сүртіп,

сосын жұмсақ мақта матамен не фланель шүберекпен құрғатып, жылтыратыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Егер тоңазытқышты тот басса, оны тез арада тазалау керек. Тазалау үшін, тоңазытқыштың сыртқы қабатын

күйдіретін болғандықтан, күйдіргіш химикаттарды не абразивті материалдарды қолданбаңыз.

Тоңазытқыштың сыртқы бетіне полироль не балауыз жақпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Есіктің ішкі жағының күтімі

Есіктің ішкі жағы (әсіресе оның төменгі жағы), егер оған төгілген сүт, шырын т.б. сүртілмей қалып қойса, бұзылуы

мүмкін. Есіктің ішкі қалталарын тазалықта ұстаса, олар ұзақ қызмет етеді. Тоңазытқыштың ішінде төгілген кез-

келген сұйық зат оның шөлмектерге арналған бөлімінің тесіктеріне ағады. Егер сұйықтық ол бөлімнің жиегінен

асып төгілсе, тоңазытқыш есігінің ішкі төменгі жағындағы тесіктерге ағады.

Бұл тесіктерге аққан кез-келген сұйық затты тазалап сүртіп алу керек.

• Тағамдардың арасында ауа айналысы болу үшін олардың арасында ашық орын қалтырыңыз. Егер тоңазыту

бөлімінде ауа айналысы болмаса, ондағы температура жоғарылайды.

• Ыстық тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын, бөлме температурасына дейін салқындатыңыз.
• Сөкті тағамдарды қақпақпен, фольга не пленкамен жабыңыз.
• Тоңазытқыш есігін қажетінен артық ашық ұстамаңыз, әсіресе ауаның ылғалдылығы жоғары ыстық күнде.
• Газды сусын шөлмектерін мұздатқыш камераға салмаңыз, жарылуы мүмкін.
• Таяқшасы бар соратын кәмпиттерді мұздатқыш камерадан ала салып балаларға ұстатпаңыз. Олар қатты суық,

бала ерінін үсітіп алуы мүмкін.

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

ЕРІГЕН СУДЫ ЫДЫСТАН ҚАЛАЙ АЛУ КЕРЕК
• Тоңазытқышты басқа жерге ауыстырмас бұрын ыдыстағы еріген суды төгіңіз.

① Қақпақты ұстап тұрған бұрандаларды (5 дана) алыңыз.

② Қақпақты шешіңіз.

③ Ыдысты суды жақсы сіңіретін құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

④ Еріген су оған еш кедергісіз келіп тұру үшін, ыдыстың түтігін тазалаңыз.

NR-B651B_AK-126435_1校_0426

B651BR_AK-126435俄烏哈.indd 23

2012/7/2 下午 12:08:57

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: