Инструкция по эксплуатации Sony SVF15N17ST

Страница 43

Advertising
background image

43

KZ

Үш өлшемді суреттерді қарағанда

Үш өлшемді бейне суреттерді көргенде үш өлшемдік дисплеймен бірге берілетін
нұсқаулықтарды орындаңыз.

Үш өлшемді бейне суреттерді қарағанда немесе стереоскоптық үш өлшемді
ойындарды ойнағанда, кейбір адамдар ыңғайсыздық (мысалы, көздің ауруы,
шаршау немесе құсқысы келу) сезуі мүмкін. Sony компаниясы барлық
көрермендерге үш өлшемді бейне суреттерді қарағанда немесе стереоскоптық
үш өлшемді ойындарды ойнағанда тұрақты үзілістер жасауды ұсынады. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі əр адамда əр түрлі болады. Қайсысы ең жақсы
екенін сіз шешесіз. Егер қандай да ыңғайсыздықты сезсеңіз, ыңғайсыздық
кеткенше үш өлшемді бейнесуреттерді қарауды немесе стереоскоптық үш
өлшемді ойындарды ойнауды тоқтату керек; қажет деп ойласаңыз, дəрігермен
кеңесіңіз.
Сондай-ақ, компьютермен бірге пайдаланылатын кез келген басқа құрылғының
немесе бағдарламаның нұсқаулығын қарауыңыз керек.
Жас балалардың (əсіресе алты жасқа толмаған) көруі əлі де дамып жатады.
Балаларыңызға үш өлшемді бейне суреттерді қарауға немесе стереоскоптық
үш өлшемді ойындарды ойнауға рұқсат берместен бұрын дəрігермен (мысалы,
педиатр немесе көз дəрігері) кеңесіңіз. Үлкендер балалардың жоғарыда тізілген
кеңестерінің орындалуын бақылауы керек.

Сымсыз мүмкіндіктерді пайдалануда шектеулерді тексеріңіз жəне сақтаңыз.
Ұшақ ішінде сымсыз функцияны пайдалануға тыйым салынса, бортқа кірмес бұрын
барлық сымсыз байланыстарды ажыратыңыз.

Windows 8 үлгісі үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышын көрсету арқылы шеберді
ашыңыз, одан кейін меңзерді төмен жылжытып, Параметрлер шебер түймесін
таңдаңыз. Желі белгішесін таңдап, Ұшақ режимі қосыңыз.
WIRELESS көрсеткішпен жабдықталған Windows 8 үлгісі үшін компьютердегі
WIRELESS көрсеткіш шамы Ұшақ режимі ажыратулы кезде қосулы болады. Тіпті
барлық сымсыз байланыстар ажыратылса да, Ұшақ режимі ажыратулы болған
кезде, WIRELESS көрсеткіші жанған күйде қалады.

Windows 7 үлгісі үшін жұмыс үстелі хабарландыру аймағындағы VAIO Smart
Network
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, барлық сымсыз
байланыстарды ажыратату үшін опция таңдаңыз.

Сымсыз байланыс функциясын шұғыл ажырату керек болса, компьютерді
ажыратыңыз.
Сымсыз пернетақта жəне/немесе сымсыз тінтуірі бар үлгілер үшін сымсыз
құрылғыларды да өшіріңіз.
Радиотолқындар ұшақ жабдығының дұрыс жұмыс істемеуін тудырып, қауіпті
апатқа əкелуі мүмкін.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: