Күтім және техникалық қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации Indesit KNJ6G27(W)-RU

Страница 32

Advertising
background image

32

KZ

Күтім және техникалық

қызмет көрсету

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.

! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.

• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш

ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.

• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы

бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы суға
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады.
Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны жақсылап
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.

• Плитаның торларын, оттық қақпақтарын, жалын

қақ жарғыш сақиналарын шешіп алып тазалауды
жеңілдетуге болады; оларды ыстық су мен қырғыш емес
тазартқыш затта жуыңыз да, жақсылап кептірер бұрын
қатып қалған қалдықтарды кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.

• Электрондық тұтату функциясы бар плиталарда

электрондық тұтату құралының ұшын жиі тазалап,
газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп
отыру қажет.

• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы

кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.

• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес

тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.

• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы

мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.

• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт

тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық
су тамшыларын сүртіп алу қажет.

Пеш тығыздағыштарын тексеру

Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі
Өкілетті сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.

Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету

Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды
бұру қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса,
шүмекті ауыстыру қажет.

!

Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті

маман орындауы тиіс.

Көмек

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.

02/2013 - 195085215.02

XEROX FABRIANO

Advertising