Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации Indesit WIUN-82-(CSI)

Страница 22

Advertising
background image

22

KZ

Күтім көрсету және техникалық

қызмет көрсету

Су мен токты өшіру

• Әрбір жуудан кейін су шүмегін жабыңыз. Бұл

құрылғының су жүйесінің тозуын шектейді және

судың ағып кетуіне жол бермейді.

• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық

қызмет көрсету жұмыстарын орындаған кезде

оны токтан ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден

жасалған бөліктерін жылы сабынды сумен суланған

жұмсақ шүберекпен тазалауға болады. Еріткіштерді

немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.

Жуғыш зат диспенсерін тазалау

Диспенсерді тарту

арқылы шығарып

алыңыз (суретті

қараңыз).

Оны су ағыны астында

жуыңыз; бұл әрекетті

жиі қайталап

тұру керек.

Құрылғы есігі мен барабанына күтім

көрсету

• Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін құрылғы

есігін әрқашан сәл ашып қою керек.

Сорғыны тазалау

Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді

қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен

жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар немесе

түймелер сияқты) сорғының төменгі жағындағы, оны

қорғайтын алдыңғы камераға түсіп кетуі мүмкін.

!

Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,

құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

Алдыңғы камераға қол

жеткізу үшін:

1. бұрағыштың

көмегімен, кір жуғыш

машинаның алдыңғы

төмен бөлігіндегі қақпақ

панелін алып тастаңыз

(суретті қараңыз);

2. қақпақты сағат

тіліне қарсы бағытта

бұру арқылы бұрап

шығарып алыңыз

(суретті қараңыз):

кішкене су ағып кетуі

мүмкін. Бұл қалыпты

жағдай;

3. ішін жақсылап тазалаңыз;

4. қақпақты орнына бұраңыз;

5. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына

мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына

қойыңыз.

Судың кіріс түтігін тексеру

Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет

тексеріңіз. Кез келген шатынауларды байқасаңыз,

дереу ауыстырыңыз: жуу циклдарының барысында

су қысымы өте жоғары болады және шатынаған түтік

жарылып кетуі әбден мүмкін.

!

Қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.

Advertising