Арнайы жуу циклдары мен опциялары, Жуу опциялары – Инструкция по эксплуатации Indesit DFP-58T94-CA-NX-EU

Страница 44

Advertising
background image

44

KZ

Арнайы жуу циклдары

мен опциялары

*

Тек кейбір үлгілерде бар.

Жуу опциялары*

Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі

басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге

немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды

ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес

келмесе

(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)

, тиісті таңба/

диод 3 рет жылдам жыпылықтайды.

Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция

таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған

опция жанып тұра береді.

Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін
тиісті түймені тағы бір рет басыңыз.

ҚОСЫМША жуу циклы

ҚОСЫМША циклы максималды биіктігі 53 см болатын үлкен

ыдыс-аяқтарды жақсылап жуу циклын орындауға болады:

жайпақ табалар, пеш торлары, май жинайтын табалар,

конфорка торлары, үлкен кастрөлдер, пицца табақтары, тот

баспайтын болаттан жасалған сорғыш сүзгілері.

Үлкен ыдыс-аяқтарды салу үшін жоғарғы тартпаны алып

тастаңыз.

Екі құлыпты ашып (оң және

сол), тартпаны шығарып

алыңыз.

Жоғарғы тартпа орнатылып

тұрған

кезде,

құлыптар

әрдайым жабық болуы тиіс.

Су ыдыс-аяқтың барлық жеріне жетуі үшін оны суретте

көрсетілгендей орналастырыңыз.

Қосымша жеңіл опциясының көмегімен циклды үлкен нәзік

ыдыс-аяқтарға қолдануға болады

(Жуу опцияларын көріңіз).

ҚОСЫМША жуу циклынан басқа циклды қолданған

кезде ыдыс жуғыш машинаны жоғарғы тартпаны

орнатпай қосушы болмаңыз.

Жеңіл опциясымен Қосымша жуу циклын орындау үшін

жуғыш затты диспенсердің орнына тікелей құрылғы

ішіне құйыңыз.

Жартылай жүктеу/Қосымша шамы

(Half Load/Extra Light)

Түйменің екі функциясы бар: ЖАРТЫЛАЙ

ЖҮКТЕУ және ҚОСЫМША ЖЕҢІЛ.

Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/ҚОСЫМША

ЖЕҢІЛ түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады.

Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/

ҚОСЫМША ЖЕҢІЛ түймесін қайта басыңыз.

Жартылай жүктеу

Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты

үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады.

Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуға болады.

Қосымша жеңіл

Тек ҚОСЫМША жуу циклымен үйлесімді.

Бұл опция ҚОСЫМША режимін үлкен нәзік ыдыс-аяқтар мен

заттарға қолайлы жасайды. Бұл опцияда кептіру кезеңі жоқ.

Ыдыс-аяқтар мен заттарды ыдыс жуғыш машинада жууға

болатынына көз жеткізіңіз.

Кешіктіріп бастау

Циклдың басталу уақытын

124 сағат аралығындағы

бір мерзімге кешіктіруге болады:

1. Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды

таңдап, КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Индикатор

шамы жанады. Жуу циклы басталатын уақытты таңдау үшін

дәл сол түймені қолданыңыз (h01, h02 және т.б.)

2. Кері санақты қосу үшін ҚОСУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің

көмегімен таңдауды растаңыз.

3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ индикатор

шамы өшеді де, жуу циклы басталады.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясын алып тастау үшін КЕШІКТІРІП
БАСТАУ түймесін

ӨШІРУЛІ мәтіні көрсетілгенше басып

тұрыңыз.

Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау

функциясын орнату мүмкін емес.

Бірнеше функциясы бар таблеткалар

*

(таблеткалар)

Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін

оңтайландырады.

Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,

БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін

басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,

опциядан бас тартылады.

«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу

циклының мерзімін ұзартады.

Таблеткаларды тек осы опциясы бар үлгілерде

қолданған жөн және бірнеше функциясы бар

таблеткалардың қолданылуы көрсетілмеген жуу

циклдарымен қолдану дұрыс емес

.

Advertising