Қосу және пайдалану – Инструкция по эксплуатации Indesit KNJ3G27(W)-RU

Страница 28

Advertising
background image

28

Пешті жағу

Пеш оттығын жағу үшін жалынды
немесе газ шақпағын «F» тесігіне
жақындатыңыз (суретті қараңыз),
одан кейін ПЕШТІ басқару
тұтқасын басып, оны «Ең жоғары»
позицияға жеткенше сағат тіліне
қарсы бағытта бұрыңыз.

Егер, 15 секундтан кейін оттық жанбаса, тұтқаны жіберіп,
пеш есігін ашыңыз да, қайтадан жағуға әрекет етпес бұрын
кем дегенде 1 минут күтіңіз.

! Пеш сақтандырғышпен жабдықталған, сондықтан
ПЕШТІ басқару тұтқасын шамамен 6 секунд басып,
ұстап тұру керек.

Плитаны қолдану

Оттықтарды жағу

Әрбір ОТТЫҚ тұтқасында қатысты оттық
жалынының күшін көрсететін толық шеңбер бар.
Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды немесе газ жақпағын
жақындатыңыз.
2. ОТТЫҚ тұтқасын басып, ол ең жоғарғы жалын
параметріне  бағытталғанша, сағат тіліне қарсы
бағытта бұрыңыз.
3. ОТТЫҚ тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз.
Ол ең төменгі параметр , ең жоғарғы параметр 
немесе екеуінің арасындағы кез келген позиция
болуы мүмкін.

Оттықтарды пайдалану бойынша кеңестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және
тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы
бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған жөн.
Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес келуі
тиіс.

Қосу және пайдалану

Оттық

ø Ыдыс диаметрі (см)

Жылдам (R)

24 - 26

Жартылай жылдам

(S)

16 - 20

Қосымша (A)

10 - 14

Оттық түрін анықтау үшін «Оттық пен
форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды
қараңыз.

! Төмендеткіш сөремен жабдықталған үлгілерде
диаметрі 12 см-ден аз кіші табақтарды қолданған
кезде оны тек қосымша оттықта ғана пайдалануға
болатынын есіңізде болсын.

Пешті қолдану

! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.

! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.

KZ

Advertising