Инструкция по эксплуатации Indesit KN3C557(X)-RU

Страница 34

Advertising
background image

KZ

34

Температураны 80 °С-қа орнату арқылы

«желдеткішті қолдану» функциясын қызыл я ақ

етті немесе нанды жылдам жібіту үшін қолдануға

болады. Одан нәзік тағамдарды жібіту үшін

температураны 60 °С-қа орнатыңыз немесе

температура тұтқасын 0 °С-қа орнату арқылы

салқын ауа айналымын қолданыңыз.

ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі

Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі

аралығына бұраңыз.

Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады.

Бұл режимді тағамды дайындаудың аяғында

қызарту үшін пайдалануға болады.

GRILL (ГРИЛЬ) режимі

Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі

аралығына қойыңыз.

Ортаңғы жоғарғы қыздыру элементі мен айналмалы

істік қосылады.

Грильдің аса жоғары әрі тіке температурасы

ет пен қақталған етті жұмсақ түрде қалдыру

үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың бетін

қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары бет

температурасын қажет ететін тағамдарға грильді

пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға

стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...

Кейбір мысалдар «Тағам дайындау бойынша кеңес»

бөлімінде берілген.

ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРИЛЬ режимі

Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі

аралығына қойыңыз.

Ортаңғы жоғарғы қыздыру элементі мен желдеткіш

қосылады.

Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның

күшейтілген айналымы арқылы қыздыру

элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің

тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден

сақтауға көмектеседі және жылудың тағамның

ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Желдеткіш

қолданылатын гриль режимін пайдалану арқылы

ет пен көкөніс араласқан кебабтар, сосискалар,

шошқа қабырғаларын, жас қой котлеттерін,

дәмдеуіш қосылған тауық, жалбыз қосылған құр,

шошқа филесін дайындап, керемет нәтижеге жетуге

болады. Осы режимде пештің есігін жауып, гратин

тағамдарды пісіріңіз. «Гратин» – алабұға, тунец,

семсер балық, тұрама салынған кальмар, т.б.

пісірудің ең қолайды жолы.

Электрондық таймер*

Бұл функция уақытты көрсетеді және нөлге дейін

кері санайтын таймер ретінде жұмыс істейді.

! Барлық функциялар орнатылғаннан кейін шамамен

7 секунд ішінде қолданылады.

Сағатты қайта орнату
Құрылғы тоққа қосылғаннан кейін немесе электр

қуаты ажыратылғаннан кейін сағат жыпылықтай

бастайды да, келесі мәнді көрсетеді:

0:00

• Дәл уақытты орнату үшін

түймесін, одан

кейін

-

және

+

түймелерін басыңыз. Жылдамырақ

өзгерту үшін түймелерді басып, ұстап тұрыңыз.

Кез келген өзгертуді жоғарыдағы процесті қайталау

арқылы орындауға болады.

Таймер мүмкіндігі

Бұл функцияны

түймесін басып ашуға болады,

түйме басылғаннан кейін дисплейде

таңбасы

көрсетіледі. 99 минут 50 секундқа жеткенше

+

түймесі басылған сайын уақыт 10 секундқа артады.

Бұдан кейін түйме басылған сайын 10 сағатқа дейін

уақыт бір минутқа артып отырады.

-

түймесі басылса, уақыт азаяды.

Уақыт аралығы орнатылғаннан кейін таймер кері

санай бастайды. Таймер нөлге жеткен кезде сигнал

беріледі (оны кез келген түймені басып, өшіруге

болады).

Уақытты

түймесін басып шығаруға болады

және

таңбасы таймер функциясы орнатылғанын

білдіреді. Шамамен 7 секундтан кейін дисплей

автоматты түрде таймерге оралады.

Орнатылған уақыттан бас тарту

Дисплейде

0:00 уақыты көрсетілгенше

түймесін

басып, ұстап тұрыңыз.

Сигналдың дыбыс деңгейін реттеу

Сағат параметрлерін таңдап, оларды растағаннан

кейін дыбыс сигналының дыбыс деңгейін реттеу

үшін

түймесін пайдаланыңыз.

*

Тек белгілі модельдерде болады.

Таймер*
Таймерді қосу үшін төмендегі әрекеттерді

орындаңыз:

1. Сигналды орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат

тілі бағытымен  бір толық айналымға бұрыңыз.

2. Қажетті уақыт ұзақтығын орнату үшін ТАЙМЕР

тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта  бұрыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: