Қосу және пайдалану, Жуғыш затты өлшеу, Ыдыс жуу машинасын іске қосу – Инструкция по эксплуатации Indesit DIS-14

Страница 42

Advertising
background image

KZ

42

Қосу және пайдалану

Жуғыш затты өлшеу

Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері

қолданылғанына да байланысты болады;

белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін

арттырмайды және қоршаған ортаны көбірек

ластауға әкеледі.

Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған

жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты

ҚОЛДАНБАҢЫЗ.

Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл

аяқталғанда құрылғы ішінде көбіктің қалуына

әкелуі мүмкін.

Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР

ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған

жөн.

Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы

нәтиже алу үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші

сұйықтық пен тұз қолданылуы керек.

А бөлігі: Жууға арналған жуғыш зат

В бөлігі: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат
1. «С» қақпағын «D» түймесін басу арқылы ашыңыз.
2. Жуу циклдарының кестесін қарағаннан кейін жуғыш
затты салыңыз:

• Ұнтақ жуғыш зат үшін А және
В бөліктерін қолданыңыз.
• Таблетка түріндегі жуғыш
зат үшін: циклға 1 таблетка
қажет кезде, оны А бөлігіне
салып қақпақты жабыңыз; 2
таблетка қажет болса, екінші
таблетканы құрылғының
түбіне салыңыз.
3. Бөліктің шетіндегі жуғыш
зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп

жабыңыз.

A

B

D

C

*

Тек кейбір үлгілерде бар.

Ыдыс жуу машинасын іске қосу

1. Шүмекті ашыңыз.
2. Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: қысқа
сигнал естіледі және ҚОСУ/ӨШІРУ мен жуу циклы
индикатор шамдары бірнеше секундқа жанады.
3. Жуғыш затты өлшеңіз (төменнен қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу» деп
аталатын бөлімді қараңыз
).
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ түймесін басу арқылы ыдыс-
аяқ түрі мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу
циклын таңдаңыз (Жуу циклдарының кестесін қараңыз);
таңдалған жуу циклына сәйкес келетін индикатор шамы
жанады.
7. Есікті жабу арқылы жуу циклын бастаңыз: бірнеше
секундтан кейін жуу циклының басталғанын ұзақ сигнал
білдіреді.
8. Екі қысқа және бір ұзақ сигнал жуу циклының
аяқталғанын білдіреді, сондай-ақ, дисплейде жуу циклына
сәйкес келетін индикатор шамы баяу жыпылықтайды.
Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы
құрылғыны өшіріңіз, одан кейін шүмекті жабыңыз да,
құрылғының айырын розеткадан ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен
бастап босатыңыз.

- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы

белгілі бір белсенсіздік кездерінде автоматты

түрде өшеді.

Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту

Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
шыққан буға тимеуге тырысып есікті ашыңыз да, ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұрыңыз; құрылғы ұзақ
сигнал беріп өшеді. Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің
көмегімен қайтадан қосып, ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ
түймесімен жаңа бір жуу циклын таңдаңыз; есікті жабу
арқылы циклды бастаңыз.

Қосымша ыдыс-аяқ қосу

Құрылғыны өшірмей-ақ, шыққан буға тимеуге тырысып
есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу машинасының
ішіне қойыңыз. Есікті жабыңыз: цикл тоқтаған жерінен
бастайды.

Кездейсоқ тоқтаулар

Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.

Advertising