Инструкция по эксплуатации Samsung GW73BR-S

Страница 90

Advertising
background image

18

КАЗАҚ

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖЫЛДАМ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫ

Келесі кестеде әртүрлі автоматты түрде жылдам жібіту

бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті

ұсыныстар берілген.

Тағамды жібітудің алдында орам материалдарының барлығын

алыңыз. Ет, құс еті, балық, жеміс/жидекті керамика табаққа салыңыз.

Коды/Тағам Мөлшері Қоя тұру

уақыты

Ұсыныстар

1. Ет

200-1500 г 20-90 мин Шеттерін алюминий фольгамен

жабыңыз. Пеш сигнал берген

кезде етті аударыңыз.
Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк,

туралған ет, фаршталған етті

пісіруге жарайтын бағдарлама.

2. Құс еті

200-1500 г 20-90 мин Сирақтары мен қанаттарының

ұшын алюминий фольгамен

жабыңыз. Пеш сигнал берген

кезде құс етін аударыңыз. Бұл

бүтін тауықты да, сонымен қатар

бөлшектелген тауық етін де

пісіруге жарайтын бағдарлама.

3. Балық

200-1500 г 20-80 мин Бүтін балықтың құйырығын

алюминий фольгамен жабыңыз.

Пеш сигнал берген кезде

балықты аударыңыз. Бұл бүтін

балықты да, балық филесін де

пісіруге жарайтын бағдарлама.

4. Жеміс/

Жидек

100-600 г

5-20 мин Жемістерді шыны табаққа

біркелкі таратып салыңыз.
Бұл жемістердің барлық

түрлеріне сай келетін

бағдарлама.

Тағамды қолдан жібіткіңіз келсе, 180 Вт қолдан жібіту функциясын

таңдаңыз. Қолдан жібіту және жібіту уақыты туралы қосымша

ақпаратты 29-ші беттен қараңыз.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ

Микротолқын қуатына төзімді ыдыс-аяқтарды қолданыңыз; пластик

сауыттарды, ыдыстарды, қағаз кесе, сүлгі т.с.с. пайдаланбаңыз.
Аралас пісіру режимін (гриль және микротолқын)

қолданғыңыз келсе, тек микротолқын және пешке

төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз. Металл

ыдыс-аяқтар немесе керек-жарақтар пешті бүлдіруі

мүмкін.

Ыдыс-аяқтар мен керек-жарақтардың жарамдылығы туралы

толығырақ ақпаратты, 22-ші беттегі "Ыдыстың жарамдылығын

анықтау" тарауынан қараңыз.

GW73BR_BWT-03796A-02_KZ.indd 18

2011-01-20 4:04:17

Advertising