Ең алғаш рет тазалау, Пешті пайдалану, Пеш бөлігін пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung NV6786BNESR-WT

Страница 86: 14 пеш бөлігін пайдалану

Advertising
background image

Казақ - 14

ең алғаш рет тазалау

Пешті ең алғаш қолданар алдында оның жаңа пешке тән иісін кетіру үшін пешті алғаш рет тазалау керек.

1. Пештің керек-жарақтарын түгел алыңыз.

2. Пешті 200 °C градусқа қойып конвекция немесе 200 °C градусқа қойып дәстүрлі пісіру функциясымен бір сағат

тазалаңыз. Бұл әрекет пештің ішіндегі өндіру барысында қалған қалдық заттарды күйдіріп тазалайды.

3. Бір сағаттан кейін режим таңдау тетігін "сөндіру" қалпына бұрап пешті сөндіріңіз.

Керек-жарақтарды ең алғаш пайдаланатын кезде, оларды жылы су мен жуғыш затты, жұмсақ таза шүберекті пайдаланып

мұқият тазалаңыз.

пешті пайдалану

Жаңа пешіңізде тағам пісіру үшін келесі негізгі қадамдарды орындау керек.

ПЕШ БӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУ

БІР РЕЖИМДІ

ФУНКЦИЯ

Бір режимді функцияны қолданғанда, пеш кәдімгі пештер тәрізді жұмыс істейді. Бұл режимді

тағамды көп мөлшерде пісіру үшін немесе істік тәрізді арнайы жабдықтарды қолдану үшін

қолданыңыз. Бір режимді қолдану үшін бөлгіш құралды пештен алыңыз.

ҮСТІҢГІ

РЕЖИМ

Тағам пісіру үшін пештің үстіңгі жағы немесе астыңғы жағы ғана пайдаланылады. Бұл

режимдер алдын ала қыздыру кезінде уақытты үнемдейді және аз тағам пісірген кезде қуатты

үнемдейді. Бұл режимді пайдалану үшін бөлгіш құралды 3-ші деңгейге қойыңыз.

Пештің жарты бөлігін пайдаланып пісіру режимін (үстіңгі немесе астыңғы

режим) қолданған кезде, қолданылмай тұрған пеш бөлігінің терезесіне

конденсат пайда болуы мүмкін.

АСТЫҢҒЫ

РЕЖИМ

ҚОС РЕЖИМ

Қос режимді пайдаланған кезде пештің үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігі әр түрлі функциялар мен

температура режимінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ, әр бөлікте пісіру таймері мен аяқтау

таймерін пайдалануға болады. Бұл режимді пайдалану үшін бөлгіш құралды 3-ші деңгейге қойыңыз.

1-ШІ ҚАДАМ
ӘУЕЛІ ПЕШТІҢ БӨЛІГІН

ТАҢДАҢЫЗ

2-ШІ ҚАДАМ
ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫН

ОРНАТЫҢЫЗ

3-ШІ ҚАДАМ
ТЕМПЕРАТУРАНЫ

ОРНАТУ

Режим таңдайтын тетік

Көп функция

таңдау тетігі

Температура

Пештің бөлігін таңдау

Үстіңгі режим

Тағам пісіру үшін пештің үстіңгі

бөлігі пайдаланылады. Бұл режимді

пайдалану үшін бөлгіш құрал қажет.

Қос режим

Қос режим екі түрлі тағамды, әр түрлі

функция мен температураны қолданып

пісіруге мүмкіндік береді. Бұл режимді

пайдалану үшін бөлгіш құрал қажет.

Бір режим

Тағам пісіру үшін пештің барлық бөлігі

пайдаланылады. Бөлгіш құралды

алыңыз.

Астыңғы режим

Тағам пісіру үшін пештің астыңғы

бөлігі пайдаланылады. Бұл режимді

пайдалану үшін бөлгіш құрал қажет.

NV70F77,NV66F77,NV6786 Series_WT_DG68-00447K-02_KK.indd 14

2014-07-11 11:38:27

Advertising