Инструкция по эксплуатации Samsung ME82VR-WWH
Страница 43
11
ҚАЗАҚША
ЫДЫСТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа шағылыспай немесе
ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға тиіс. Сондықтан да, ыдыс-аяқты дұрыс
таңдау қажет. Микротолқынға төзімді деген белгісі бар ыдысты алаңсыз қолдана беруге
болады. Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері және оларды микротолқынды пеште қалай
қолдануға болатындығы көрсетілген.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
Алюминий фольга
✓ ✗
Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес
үшін, кішкене қағаздармен жабыңыз.
Фольга пештің қабырғасына тым
жақын қойылса немесе тым көп фольга
қолданылса электр жарқылы пайда болуы
мүмкін.
Браунинг табағы
✓
Сегіз минуттан артық қыздырмаңыз.
Фарфор және керамика
✓
Фарфор, керамика, безендірілген
керамика мен қатты фарфор ыдыстарды,
жиегі металл болмаса әдетте қолдана
беруге болады.
Бір рет қолданылатын
полиэфир картон ыдыстар
✓
Кейбір мұздатылған тағамдар осындай
ыдыстарға оралады.
Фастфуд орамдары
• Полистирол кеселер мен
сауыттар
✓
Тағамды жылыту үшін қолдануға болады.
Қатты қыздырса, полистирол еріп кетуі
мүмкін.
• Қағаз қалта немесе газет
✗
Өртеніп кетуі мүмкін.
• Өңдеуден өткізілген
қағаз немесе ыдыстың
металл жиегі
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Шыны ыдыс
• Пеш-үстелде бірдей
қолданылатын ыдыс
✓
Металл жиегі болмаса, қолдана беруге
болады.
• Осал шыны ыдыс
✓
Тағам немесе сусындарды жылыту үшін
қолдануға болады. Осал шыны ыдыс
кенет қыздырған кезде сынып немесе
жарылып кетуі мүмкін.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
• Шыны банка
✓
Қақпағын алу керек. Тек тағамды
жылытуға жарайды.
Металл
• Ыдыстар
✗
Электр жарқылы немесе өрт шығуы
мүмкін.
• Тоңазытқышта тұратын
тағам қалтасын
қыстырғыш
✗
Қағаз
• Табақ, кесе, майлық
және ас үй қағазы
✓
Тағамды аз уақыт пісіру немесе жылыту
үшін. Сонымен қатар, артық ылғалды
сіңіру үшін.
• Өңделген қағаз
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Пластик
• Сауыттар
✓
Қызуға төзімді термопластик болса
әсіресе сай келеді. Кейбір пластиктер
жоғары температурада майысып, түсі
өзгеріп кетуі мүмкін. Меламин пластигін
қолданбаңыз.
• Жылтыр қағаз
✓
Ылғалды ұстап тұру үшін қолдануға
болады. Тағамға тигізбеу керек. Жылтыр
қағазды алғанда абай болыңыз, ыстық бу
шарпуы мүмкін.
• Тоңазытқыш қалталар
✓ ✗
Қайнатуға немесе пешке төзімді болса.
Ауа өткізбейтін болмауға тиіс. Қажет
болса, шанышқымен тесіңіз.
Балауыз немесе май
өткізбейтін қағаз
✓
Тағам шашырамас үшін және ылғалды
ұстап тұру мақсатында қолдануға болады.
✓
: Ұсынылады
✓✗
: Сақтықпен пайдаланыңыз
✗
: Қауіпсіз емес
ME82VR-WWH_BWT-KZ-DE68-03910J.indd 11
2012-03-07 �� 2:57:38