Инструкция по эксплуатации Samsung CE117PAERX

Страница 117

Advertising
background image

29

ҚАЗАҚША

сенсормен пісіру функциясына арналған ыдыстар мен

қақпақтар

Осы функцияны пайдаланып жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, осы

кітаптағы кестеде көрсетілген тиісті ыдыстар мен қақпақтарды таңдауға

қатысты ұсыныстарды орындаңыз.

Үнемі микротолқынға төзімді ыдыстарды қақпақтарымен немесе пластик

таспамен бірге пайдаланыңыз. Пластик таспаны пайдаланған кезде бу

қажетті мөлшерде шығып тұруы үшін бір бұрышын ашып қойыңыз.

Үнемі ыдыстың өзіне арналған қақпақты ғана пайдаланыңыз. Егер

ыдыстың өз қақпағы болмаса, пластик таспаны пайдаланыңыз.

Ыдыстарды кем дегенде ортасына дейін толтырыңыз.

Аударыстыру немесе араластыру қажет тағамдарды сенсормен пісіру

циклының соңына қарай, бейнебетте кері санақ басталғаннан кейін

араластырып немесе аудару керек.

маңызды

Пешті орнатып, электр розеткасына қосқаннан кейін қорек сымын

ағытпаңыз. Тағамды жақсы пісіру үшін газ сенсоры орныққанша біраз

уақыт қажет.

Тағамды бірінен соң бірін үздіксіз пісіретін кезде сенсормен автоматты

пісіру функциясын қолдануды ұсынбаймыз.

Пешті жақсы салқындату және сенсордың дұрыс жұмыс істеуін

қамтамасыз ету үшін пешті жақсы желдетілетін және ауа алмасатын

жерге орнатыңыз.

Тағам пісіру нәтижесі қанағаттанғысыз болмас үшін, бөлме

температурасы өте жоғары немесе өте төмен болған кездері автоматты

сенсорды пайдаланбаңыз.

Пешті тазалау үшін тұтанғыш заттарды пайдаланбаңыз. Бұндай жуғыш

заттан бөлінетін газ сенсорға әсер етуі мүмкін.

Пешті ылғал немесе газ өте көп бөлетін құрылғылардың қасына

қоймаңыз, себебі автоматты сенсордың дұрыс жұмыс жасауына кедергі

келтіреді.

Пештің ішкі жағын үнемі таза ұстаңыз. Төгілген заттарды үнемі дымқыл

шүберекпен сүртіңіз.

Бұл тек үйде ғана пайдалануға арналған пеш.

кОнВЕкцИЯ рЕжИмі БОйынША пісіру

Конвекция режимі тағамды дәстүрлі пештерде пісірген тәрізді пісіруге

көмектеседі. Микротолқын режимі қолданылмайды. Температураны

қажетіне орай, сегіз алдын ала орнатылған деңгейде, 40 °C бастап 220 °C

аралығында орнатуға болады. Ең көп пісіру уақыты 90 минут.

Егер пешті Жылдам қыздыру керек болса, 17-ші беттегі ақпаратты

қараңыз.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан

қолғап киіп ұстаңыз.

Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері

жақсырақ болуы мүмкін.

Қыздырғыш элементтің көлденең қалыпта және бұрылмалы табақтың өз

орнында тұрғанына көз жеткізіңіз. Есікті ашып, тағамды астыңғы торға қойып

бұрылмалы табаққа салыңыз.
1. Mode Selector Dial (режим таңдайтын тетік) тетігін

конвекция (

) режиміне қойыңыз.

нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

(

конвекция режимі

)

220 °C (

температура

)

2. температураны орнату үшін Multi Funtion Selector Dial

(көп функция таңдайтын тетік) тетігін бұрау. Осы

кезде температураны таңдау үшін

Multi Funtion Selector

Dial (көп функция таңдайтын тетік) тетігін басыңыз.

(Температура: 220, 200, 180, 160, 140, 100, 40 °C)

3. Пісіру уақытын Multi Funtion Selector Dial (көп

функция таңдайтын тетік) тетігін бұрап орнатыңыз.

4. CTAPT/+30 сек (БАстАу/+30сек) ( )түймешігін

басыңыз.

нәтижесі: Тағам пісе бастайды:

Тағам пісіру уақыты аяқталғаннан

кейін пештен сигнал естіледі де, "0" төрт рет

жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет

сигнал береді.

CE117PTR-CE117PAER-BWT_DE68-04106A_KZ.indd 29

2012-01-31 �� 2:16:08

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: