7kaz – Инструкция по эксплуатации Samsung DA-F60

Страница 15

Advertising
background image

7

KAZ

Казақ

Пластмассадан жасалған орауыш материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.

-

Балалардың пластикалық орауыш материалдармен ойнауы қылғынып қалу қаупін
туғызуы мүмкін.

Қолдану бойынша сақтық шаралары

Жоғары дыбыста ұзақ уақыт бойынша қолдану есту мүмкіндігіне қатты зақым келтіруі
мүмкін.

-

Ұзақ уақыт бойына 85 дБ-ден қаттырақ дыбысты тыңдасаңыз, естуге кері əсер етуіңіз
мүмкін. Дыбыс қаттырақ болған сайын, есітуге көбірек зақым келуі мүмкін. Қалыпты
сөйлесу 50 жəне 60 дБ арасында, ал жолдағы шу шамамен 80 дБ болатынын ескеріңіз.

Бұл құралда қауіпті жоғары кернеу бар. Өзіңіз бөлшектеуге, жөндеуге немесе өзгертуге
əрекет жасамаңыз.

-

Құралды жөндеу қажет болса, Samsung қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Сұйықтық бар кез келген ыдысты құралдың үстіне қоймаңыз (мыс., құмыра, сусын,
косметика, химиялық заттар, т.б.). Құралға (ауа желдеткіштері, кіру-шығу порттары, т.б.
арқылы) ешбір метал заттардың (мыс., тиындар, шаш қыстырғыштар, т.б.) немесе
жанатын заттардың (мыс., қағаз, сіріңке, т.б.) кіруіне мүмкіндік бермеңіз.

-

Кез келген зиянды зат немесе сұйықтық құралға кіріп кеткен болса, құралды бірден
өшіріп, қуат сымын ажыратып, одан кейін Samsung қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз.

Құралды түсіріп алмаңыз. Механикалық тұрғыда бұзылып қалған болса, қуат сымын
ажыратып, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-

Онда өрт шығу немесе ток соғу қаупі туындайды.

Құралды қуат сымы немесе сигнал кабелі арқылы ұстамаңыз не тартпаңыз.

-

Зақымдалған кабель құралдың дұрыс жұмыс істемеуін, өрт қаупін жəне ток соғу қаупін
туғызуы мүмкін.

Құралдың жанында жанатын заттарды қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.

Құрал қалыпсыз дыбыс, күйген иіс немесе түтін шығарса, бірден қуат сымын ажыратып,
Samsung қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Газ иісін сезсеңіз бірден бөлмені желдетіңіз. Құралдың қуат штепселіне тимеңіз. Құралды
өшірмеңіз не қоспаңыз.

Құралды ұрмаңыз немесе бірден қатты соқпаңыз. Құралға ұшты затты тықпаңыз.

Тазалау бойынша сақтық шаралары

Құралды тазалау немесе жəндіктерге қарсы шашу үшін ешқашан спиртті, еріткіштерді,
балауыздарды, жанармайды, сұйытқыштарды, ауаны тазартқыштарды немесе
жағармайларды қолданбаңыз.

-

Осы заттардың кез келгенін қолдану сыртқы жабынының түсін өзгертуі немесе оны
шытынауын не түсіп қалуын туғызуы немесе құралдағы белгіні алып тастауы мүмкін.

Құралды тазарту үшін, қуат сымын ажыратып, одан кейін құралды таза, құрғақ, жұмсақ
матамен (микроталшық, мақта) сүртіңіз.

-

Құралда шаң қалдырмаңыз. Шаң оның беткейін қыруы мүмкін.

Батареяны қолдану бойынша сақтық шаралары

Құралды жоғары температураға немесе өртке шығармаңыз. Құралды сауна немесе жаз
кезінде жабық көліктер сияқты ыстық не нашар желдетілетін орындарға алып бармаңыз.

-

Өрт шығу немесе батареяның жарылу қаупі бар.

Құралды жоғары ылғалдыққа қалдырмаңыз.

-

Ылғалдық пен сұйықтың құралдың бөліктеріне жəне электр схемаларына зақым
келтіруі, құралды дұрыс жұмыс істемеу жəне өрт қаупін туғызуы мүмкін. Құралды 5° ~
35 °C аралығындағы температурада жəне 10% ~ 75% аралығындағы қатысты
ылғалдығы бар орталарда қолдануды ұсынамыз.

Батарея толығымен зарядталғаннан кейін құралды айнымалы ток адаптеріне қосулы
қалдырмаңыз.

-

Батарея толығымен зарядталғаннан кейін батареяға зақым келтірмеу үшін, айнымалы
ток адаптерін ажыратыңыз. Шамадан тыс зарядтау батареяның қызмет көрсету
мерзімін азайтуы мүмкін.

Батареяның зарядтау күйін айына бір рет тексеріп тұрыңыз. Құралды ұзақ уақыт бойына
қолданбасаңыз, батарея сыйымдылығын жəне қызметін қолдау үшін батареяны жиі
зарядтап тұрыңыз.

-

Батареяны ұзақ уақыт бойына зарядсыз қалдыру оның қызмет көрсету мерзімін айтуы,
батареяның дұрыс жұмыс істемеуін немесе өрт қаупін туғызуы мүмкін.

Advertising