Мүмкіндіктері, Лицензия – Инструкция по эксплуатации Samsung HW-D351

Страница 22

Advertising
background image



мүмкіндіктері

Белсенді динамик жүйесі

Бұл құрылғыда біртұтас жұқа құрылғы арқылы жоғары сапалы дыбыспен қамтамасыз ететін Белсенді

динамик жүйесі бар.

Бұл құрылғыға әдетте қалыпты көлемді дыбыс жүйелерімен байланысты қандай да бір қосымша динамик

жүйелері немесе динамик кабельдері қажет емес.

Көп функциялы қашықтан басқару құралы

Жинақпен берілген қашықтан басқару құралын осы құрылғыға жалғанған теледидар жұмысын басқару үшін

пайдалануға болады.

Қашықтан басқару құралында жай ғана бір рет басу арқылы әртүрлі әрекеттерді орындауға болатын

теледидарды жылдам қосу түймесі бар.

Арнайы дыбыс режимі

Тыңдайтын мазмұн түріне байланысты 7 түрлі дыбыс режимінің бірін таңдауға болады (MUSIC (МУЗЫКА),

NEWS (ЖАҢАЛЫҚТАР), DRAMA (ДРАМА), CINEMA (КИНОТЕАТР), SPORTS (СПОРТ), GAME (ОЙЫН)

PASS (Бастапқы дыбыс)).

Әр түрлі дыбыс технологияларымен үйлесімділігі

Бұл құрылғы Dolby Digital және DTS (Сандық кинотеатр жүйелері) пішімдерімен үйлесімді декодерлерді

қолданады.

− Dolby Digital

Бұл — DVD және басқа сандық құрылғыларда қолданылатын стандартты дыбыс сигналының

пішімі.

Бұл дыбыс технологиясы бағытталған және шынайы дыбыс әсерін беретін 5.1 дискретті арнамен

үйлесетін жоғары сапалы сандық дыбыс шығарады.

− DTS (Сандық кинотеатр жүйелері)

DTS пішімі музыка және фильм мазмұны үшін 5.1 CH дискретті арнаның дыбыс сигналын береді

және күштірек дыбыс үшін Dolby Digital пішіміне қарағанда азырақ қысуды пайдаланады.

3D Depth дыбысы

3D дыбыс мүмкіндігі жақсы тыңдау үшін тереңдік пен еркіндік қосады.

Лицензия

2.0 Channel

Dolby және қос d таңбасы – dolby laboratories компаниясының тіркелген сауда белгілері.

2.0 Channel

5,956,674; 5,974,380; 6,487,535 нөмірлі АҚШ патенттері бойынша және басқа АҚШ пен дүние жүзіндегі

берілген және қарастырылып жатқан патенттер бойынша өндірілген. DTS, Таңба, сондай-ақ DTS пен

Таңба – барлығы DTS, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілер, ал DTS 2.0 Channel сауда белгісі

болып табылады. Өнімде бағдарламалық құрал бар. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

- Ашық көздерге байланысты сұрақтар мен өтініштеріңізді электрондық пошта ([email protected])

арқылы Samsung компаниясына жіберіңіз.

Бұл өнімде Independent JPEG Group тарапынан таратылатын кейбір бағдарламалық құралдар бар.

Advertising