Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K
Страница 65
16
- Қазақша
Параметрлер
HDMI Colour Format
Жалғанған құрылғының (теледидар, монитор,
т.б.) мүмкіндіктеріне сәйкес келетін HDMI шығыс
сигналы үшін түс кеңістігінің пішімін орнатуға
мүмкіндік береді.
HDMI Deep Colour
Өнімді бейнені HDMI OUT ұясынан қанық түспен
шығаратын етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Қанық түс мүмкіндігі түс қанықтығын арттырып,
түстерді дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.
Progressive Mode
DVD дискілерін ойнатқанда, кескін сапасын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Audio
Karaoke scoring
Бұл мүмкіндік ән айту қабілетіңізді бағалайды
және айтылған әр ән үшін ұпай береді.
My karaoke
Караоке мүмкіндігін пайдалану кезіндегі
вокалдардың дыбыс деңгейін орнатыңыз.
Original Vocals: Дыбыс деңгейі бастапқы
дыбыс деңгейіне орнатылған.
Reduce Vocals: Дыбыс деңгейі бастапқы
дыбыс деңгейінен төмен деңгейге орнатылған.
Speaker Settings
Келесі динамик параметрлерін реттеуге және
динамиктерді тексеру үшін үнді қосуға және
өшіруге мүмкіндік береді.
Level: әрбір динамиктің қатысты дыбыс
қаттылығын 6 дб-ден -6 дб-ге дейін реттеуге
мүмкіндік береді. Мысалы, терең бассты
ұнатсаңыз, сабвуфердің дыбыс қаттылығын 6 дб-
ге көтере аласыз.
Distance: әрбір динамиктің қатысты қашықтығын
тыңдау позициясынан 9 метрге дейін реттеуге
мүмкіндік береді. Қашықтық алыс болған сайын,
динамик дыбысы жоғарылау болады.
Test Tone: реттеулерді тексеру үшін Test Tone
функциясын іске қосуға мүмкіндік береді. Test
Tone функциясы үшін On параметрі таңдалғанда,
Test Tone іске қосылады. Off параметрі
таңдалғанда өшіріледі.
Speaker Selection
Теледидар динамиктерін немесе үй
кинотеатрының динамиктерін іске қосуды
таңдауға мүмкіндік береді.
Audio Return Channel
Дыбысты теледидардан үй кинотеатрының
динамиктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.
HDMI қосылымын және Audio Return Channel
(ARC) функциясымен үйлесімді теледидарды
талап етеді.
• Audio Return Channel функциясы қосулы
болса және өнімді теледидарға жалғау үшін
HDMI кабелі пайдаланылса, сандық оптикалық
кіріс жұмыс істемейді.
• Audio Return Channel функциясы үшін
Auto опциясы таңдалған болса және өнімді
теледидарға жалғау үшін HDMI кабелі
пайдаланылса, ARC не сандық оптикалық кіріс
автоматты түрде таңдалады.
Digital Output
Өнімге жалғанған AV-ресивер мүмкіндіктеріне
сәйкес келетін Digital Output сигналын орнатуға
мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтерді сандық
шығыс сигналын таңдау кестесінен көруге
болады. (42-бетті қараңыз)
Dynamic Range Control
Динамикалық ауқымды бақылау мүмкіндігін Dolby
Digital, Dolby Digital Plus және Dolby TrueHD
дыбыс жүйесіне қолдануға мүмкіндік береді.
Auto: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы
ақпарат негізінде Dolby TrueHD дыбысының
динамикалық ауқымын автоматты түрде
басқарады. Сондай-ақ, Dolby Digital және
Dolby Digital Plus үшін динамикалық ауқым
бақылауын қосады.
Off: динамикалық ауқымды қыспай, бастапқы
дыбысты естуге мүмкіндік береді.
On: барлық үш Dolby пішімі үшін динамикалық
ауқым бақылауын қосады. Әлсіз дыбыстар
күшейтіледі және қатты дыбыстардың деңгейі
төмендетіледі.
Downmixing Mode
Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы
араластыру әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Өнімді арналар саны Normal Stereo не Surround
Compatible функциясымен үйлесімде арналар
санына қысқартылатындай етіп орнатуға болады.
HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 16
HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 16
2014-05-22 1:36:12
2014-05-22 1:36:12