Орнатуға қойылатын талаптарды орындау, Электр қосылымы және жерге қосу, Сумен жабдықтау – Инструкция по эксплуатации Samsung WF80F5E2W4W-LP

Страница 100: Электр қосылымы және жерге қосу сумен жабдықтау

Advertising
background image

Казақ - 12

Орнатуға қойылатын талаптарды орындау

Электр қосылымы және жерге қосу

ЕСКЕРТУ: Ешқашан ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.

Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілетін қуат сымын ғана пайдаланыңыз.

Орнатуға дайындалу барысында, келесі қуатпен жабдықтау параметрлерін тексеріңіз:
• АТ 220 - 240 В / 50 Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш
• Кір жуғыш машинаға арналған жеке розетка
Кір жуғыш машинаңызды жерге қосу керек. Егер машинаңыз сынып немесе жұмыс істемей қалса, жер қосылымы,

электр тоғының ағымына ең төмен деңгейде қарсы тұруға көмектесіп, электр қатерінен сақтандырады.

Кір жуғыш машинаңыз дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған розеткаға сұғуға арналған, үш істікшелі жерге

қосылатын ашамен жабдықталған.

ЕСКЕРТУ: Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық су құбырына

жалғамаңыз.

Құрылғыны жерге қосатын өткізгіш дұрыс жалғанбағанда электр қатері орын алады. Кір жуғыш машинаның жерге

дұрыс қосылғанына көзіңіз жетпесе, білікті электрші немесе қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген ашаны өзгертпеңіз. Егер ол розеткаға сай

келмесе, электр маманын шақыртып, сай келетін розетка орнаттыртып алыңыз.

Сумен жабдықтау

Судың қысымы 50 кПа - 800 кПа болған кезде кір жуғыш машинаға су дұрыс толады. Егер судың қысымы 50 кПа

мәнінен аз болса, судың тығырығы жұмыс істемей, толық жабылмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар, кір жуғыш

машинаның басқару құралдары қысымды басқара алмай, кір жуғыш машина сөніп қалуы мүмкін. (Басқару

құралдарына уақытқа шектеу қою функциясы кіріктірілген және ішкі түтікше босап кетсе, су тасып/ағып кетуге жол

бермеу үшін қажет.)
Машинамен бірге жеткізілген су құятын түтіктер су шүмектеріне жету үшін, олар кір жуғыш машинаның арт жағынан

120 см-ден қашық емес жерде орналасуға тиіс.

Сантехникалық тауар дүкендерінің көпшілігінде, ұзындығы 305 см-ге дейін су құятын әр түрлі түтіктер

сатылады.
Су жылыстап ағу немесе төгіліп қалудың алдын алу үшін мына шараларды орындауыңызға болады:
• Су шүмектерін қол оңай жететін жерге орналастыру.
• Кір жуғыш машина пайдаланылмай тұрғанда шүмектерді жауып қою.
• Су құятын түтіктердің фитингтерінен су ақпай тұрғанын уақытылы тексеру.
ЕСКЕРТУ: Кір жуғыш машинаңызды ең алғаш іске қосардың алдында, су тығырығы мен шүмектеріндегі

тетіктердің барлығын тексеріп, су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Untitled-3 12

2014-05-26 3:22:15

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: