Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung RL4323RBAEF

Страница 47

Advertising
background image

ақаулықты түзету _15

03

АҚАУЛЫҚТЫ

ТҮЗЕТУ

ақаулықты түзету

АҚАУЛЫҚ

ШЕШІМІ

Құрылғы мүлде
жұмыс істемейді
немесе оның
температурасы тым
жоғары.

Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.

Алдыңғы панельдегі температура тетігі дұрыс орынға қойылды ма?

Құрылғыға күн түсіп немесе оның қасында қызу көздері тұрған жоқ па?

Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?

Тоңазытқыштағы
тағам мұздап
қалған.

Алдыңғы панельдегі температура тетігі ең суық температурада тұрған жоқ па?

Бөлме температурасы тым төмен емес пе?

Әдеттен тыс шуыл
шығады.

Құрылғының орнықты, тегіс еден үстіне қойылғанын тексеріңіз.

Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?

Құрылғының астына немесе артына басқа зат түсіп кеткен жоқ па?

Шуыл құрылғы компрессорынан шығып тұрған жоқ па?

Құрылғының әр түрлі керек-жарақтары тартылып, кеңейген кезде сыртылдаған

дыбыс шығады.

Құрылғының
алдыңғы
бұрыштары мен
қабырғалары
жылы және оларға
конденсат тұра
бастады.

Құрылғының алдыңғы бұрыштарында конденсат тұруға жол бермейтін, қызуға төзімді

түтіктер орнатылған.
Бөлме температурасы жоғарылаған кезде, бұл ылғи тиімді бола бермеуі мүмкін.
Дегенмен, бұл қалыпты жағдай.
Өте ылғалды ортада, ылғалды ауа құрылғының бетіне тиген кезде құрылғының

сыртында конденсат пайда болуы мүмкін.

Құрылғы ішінде
сұйықтың
көпіршігені естіледі.

Бұл құрылғының ішін салқындататын тоңазытқыш сұйық.

Құрылғы ішінде
жағымсыз иіс бар.

Тоңазытқыш ішінде ескіріп кеткен тағам тұрған жоқ па?

Иісі қатты шығатын тағамды (мысалы, балық) ауа өтпейтін етіп орау керек.

Тоңазытқышты уақытылы тазалап, бүлінген немесе бұзылайын деген тағамды

тастаңыз.

Құрылғы
қабырғаларына
қабат-қабат мұз
қатқан.

Ауа шығатын саңылауларды тоңазытқыш ішіндегі тағам бітеп тастаған жоқ па?

Ауа айналымын жақсарту үшін тағамдарды барынша бір-бірінен алыс қойыңыз.

Есік әбден жабылды ма?

Құрылғының
ішкі қабырғалары
мен көкөністердің
айналасына
конденсат тұрады.

Құрамында суы көп тағамдардың беті жабылмай қойылған, және есік ұзақ уақыт

ашық қалған.
Тағамның бетін жауып немесе бітеу сауытқа салып сақтаңыз.

DA68-02676C(0.0).indb 15

DA68-02676C(0.0).indb 15

2012.7.18 12:1:17 PM

2012.7.18 12:1:17 PM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: