Ескерту белгілері, Тоңазытқышты тазалау кезіндегі ескерту белгілері, Кəдеге тастау кезіндегі ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RT72SAVB

Страница 24

Advertising
background image

4_

Қауіпсіздік туралы ақпарат

ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Бұл құрылғы азық-түлікті үй жағдайында сақтауға арналған.
• Сонымен қатар азық-түліктің өндіруші көрсеткен мерзімін сақтау қажет. Сəйкес

нұсқаулықты қараңыз.

• Бөтелкелер тоңазытқыштан құлап қалмас үшін оларды бір-біріне жақын орналастыру қажет.
• Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе басқа да шыны ыдыстарды қоймаңыз.
- Ішіндегісі мұз боп қатқан кезде шыны жарылып, ал сынықтары жарақаттауы мүмкін.
• Тоңазытқыштың жанына тез тұтанғыш заттарды бүркімеңіз.
- Олай болмаған жағдайда жарылыс немесе ток соғу қаупі бар.
• Тоңазытқышты ішкі немесе сыртқы қабатына су тиюден қорғаңыз.
- Олай болмаған жағдайда жарылыс немесе ток соғу қаупі бар.
• Тоңазытқышта ұшатын немесе тез тұтанатын заттарды сақтамаңыз.
- Тоңазытқышта бензол еріткіші, спирт, эфир, сұйытылған газ немесе т.с.с. заттар

жарылысқа əкеп соғуы мүмкін.

• Ұзақ уақыт үйден кететін болсаңыз, тоңазытқышты азық-түліктен босатып, оны өшіріңіз.
• Тоңазытқышта медициналық, химиялық немесе басқа да температураның өзгеруіне

сезімтал заттарды сақтамаңыз.

- Қатаң температуралық бақылауды қажет ететін заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
• Тоңазытқыштың үстіне сұйықтығы бар контейнерді қоймаңыз.
- Олай болмаған жағдайда сұйықтық төгіліп қалса тұтану немесе ток соғу қаупі бар.
• Тоңазытқыштың орта жағындағы немесе ішкі қабырғасындағы есіктердің ажыратқыштарының

бүлінуін болдырмаңыз.

- Бұл жұмыс істеуінің тоқтауына əкеп соғуы мүмкін.

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Саусақтарыңызды диспенсердің тесіктеріне тықпаңыз жəне оған бөгде заттардың тұрып

қалмауын қадағалаңыз.

- Ол жарақат алуға немесе құрылғының бүлінуіне əкеп соқтыруы мүмкін.
• Айырды тазалаған кезде ылғал болмаса дымқыл шүберекті қолданбаңыз; кір немесе

шаңды кетіріңіз.

- Олай болмаған жағдайда тұтану қаупі бар.
• Тоңазытқышты розеткадан ажыратқаннан кейін бес минут өткен соң қайта қосуға болады.

КƏДЕГЕ ТАСТАУ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Осы немесе кез келген басқа тоңазытқышты кəдеге тастарда есігі мен тығыздағыштарын

алып тастаңыз. Бұл балалар немесе үй жануарларының ішінде қамалып қалмауы үшін
керек.

• Тоңазытқыштың ішіне балалар кірмес үшін сөрелерін алмаған жөн.
• Оқшаулағыш материалдың құрамында циклопентан бар. Газдың көмегімен үрленетін

оқшаулағыш материал ерекше кəдеге тастауды талап етеді. Бұндай газдарды экологиялық
қауіпсіздік бойынша кəдеге тастау мəліметтері үшін жергілікті үкімет органдарына
хабарласыңыз. Тоңазытқышты кəдеге тастар алдында артқы жағында орналасқан
түтіктердің ешқайсысы бүлінбегендігіне көз жеткізіңіз. Түтіктерді ашық жерде кəдеге
тастау қажет.

• Бұл құрылғыда Киот хаттамасының талаптарына сай келетін фторлы бу газдары бар.
Бұл герметикалық (саңылауы жоқ) құрылғы.
Газдарды атмосфераға жібермейді.
Хладагент түрі: R-134a
Мөлшері: 0,16 кг
Ғаламдық жылыту мүмкіндігі (Global Warming Potential – GWP) = 1300

Назар аударыңыз!

DA99-01697G(1.6).indb Sec2:4

DA99-01697G(1.6).indb Sec2:4

2012.10.6 11:42:42 AM

2012.10.6 11:42:42 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: