Кір жуу, Балалардан қорғайтын құлып, Дыбысын өшіру – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1702WCC

Страница 112: Жууды кейін бастау

Advertising
background image

24_ Кір жуу

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» бұғаттау қызметі балалар таңдалған кір жуу тәртібін

өзгерте алмас үшін түймешелерді бұғаттап тастайды.

Қосу/өшіру

Егер «Замок от детей (Балалардан қорғайтын құлып)»

қызметін қосу немесе сөндіру қажет болса,

Отжим(Сығу)

және

Опция(Опция) батырмаларын бір мезгілде 3

секундқа басыңыз. Қызмет қосылған кезде балалардан

қорғайтын құлып индикаторы жанады.

«Балаларға арналған құлып» қызметі қосылып тұрған

кезде,

Вкл. (Қосу)түймешесі ғана жұмыс істейді.

«Балаларға арналған құлып» қызметі қуатты өшіріп,

қосқанда да немесе қуат кабелін ажыратып қайта

қосқанда да істеп тұрады.

Дыбысын өшіру

Дыбысын өшіру қызметін барлық режимдерге қосуға болады. Егер бұл қызмет таңдалса,

барлық режимдер үшін дыбысы өшіп тұрады. Қуат бірнеше рет қосылып, өшірілсе де

баптаулары өзгеріссіз қалады.

Қосу/өшіру

«Отключение звукового сигнала (Дыбысын өшіру)»

қызметін қосу немесе өшіру үшін

Температура(Температураны) және Отжим(Сығу)

түймешелерін бір уақытта басып, 3 секунд бойы ұстап

тұрыңыз.

Жууды кейін бастау

Кір жуғыш машина кір жууды автоматты түрде кейінірек аяқтау үшін, 3 сағат пен 19 сағат

аралығындағы (арасы 1 сағаттан) уақытты таңдап, кір жуғыш машинаны бағдарламалап

қоюға болады. Көрсетілетін уақыт – кір жуудың аяқталу уақыты.

1. Жуылатын кірдің матасына қарай кір жуғыш машинаға қолмен немесе автоматты

түрде бағдарлама орнатыңыз.

2. Қажетті уақыт орнағанға дейін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет басыңыз.

3. Старт/Пауза (Қосу/Тоқтатып) түймешесін басыңыз. «Кейін бастау » индикаторы

жанады да, сағат кір жууды аяқтау уақытына қарай азая бастайды.

4. «Кейін бастау» қызметін тоқтату үшін, Қосу түймешесін басыңыз содан кейін, кір

жуғыш машинаны қайтадан қосыңыз.

Кір жуу

3 сек.

3 сек.

WF1702WC-03056B-11_KK.indd 24

2014-2-20 16:49:31

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: