36 мұздап қалған кір жуғыш машинаны, Жөндеу, 36 кір жуғыш машинаны сақтау – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0804Y8E
Страница 124: Кір жуғыш машинаны тазалау және оған күтім көрсету
36_ кір жуғыш машинаны тазалау және оған күтім көрсету
кір жуғыш машинаны
тазалау және оған күтім
көрсету
МұздАп ҚАлҒАн Кір ЖуҒыШ МАШинАны Жөндеу
Егер температура нөлден төмендеп кетіп, кір жуғыш машинаңыз қатып қалса:
1. Кір жуғыш машинаны тоқтан ажыратыңыз.
2. Су құятын түтікті жібіту үшін, шүмектің үстінен жылы су құйыңыз.
3. Су құятын түтікті алыңыз да, жылы суға салып жібітіп қойыңыз.
4. Кір жуғыш машина барабанына жылы су құйып, 10 минут қоя тұрыңыз.
5. Су құятын түтікті судың шүмегіне қайта жалғап, су құю мен су төгу жүйелерінің дұрыс
жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Кір ЖуҒыШ МАШинАны САҚтАу
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт бойы сақтап қойғыңыз келсе, суын төгіп, ағытып қойған дұрыс.
Кір жуғыш машинаны сақтар алдында, түтіктердегі және ішкі құралас бөліктеріндегі суды төкпесе,
машинаға нұқсан келуі мүмкін.
1. Мақта мата циклін таңдаңыз да, ағартқышқа арналған қорапқа ағартқыштан
салыңыз. Содан кейін
Quick Wash (Жылдам жуу) түймешігін басыңыз да, циклді кір
жуғыш машинаға ешбір зат салмай орындаңыз.
2. Су шүмектерін жабыңыз да, су құятын түтіктерді ағытыңыз.
3. Кір жуғыш машинаны электр тоғынан ағытып, барабан ішінде ауа айналып тұруы
үшін есігін ашық қалдырыңыз.
Егер кір жуғыш машина температурасы нөлден төмен жерде сақталса, қайта іске
қосар алдында машинада қалып қоюы мүмкін су ерігенше біраз күтіңіз.
WF0804Y8-02842Z-01_KZ.indd 36
2010-10-14 �� 5:10:20