Кір жуу бойынша нұсқаулық, Кір жуу режимін қолмен орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1602YQR

Страница 117

Advertising
background image

Кір жуу _

29

02

КІР Ж

УУ

Кір жуу режимін қолмен орнату

Кір жуу режимін цикл ауыстырғышты қолданбай-ақ қолмен орнатуға болады.

1. Су құбыры кранын ашыңыз.

2. Кір жуғыш машинадағы Қосу түймешесін басыңыз.

3. Есігін ашыңыз.

4. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп

салыңыз.

5. Есікті жабыңыз.

6. Кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер және алдын ала кір жуу құралын

(қажет болса) арналған бөліктеріне салыңыз.

7. Кір жуу температурасын таңдау үшін Температура түймешесін басыңыз (суық су,

30°С, 40°С, 60°С және 95°С).

8. Шаю циклінің қажетті санын таңдау үшін Шаю түймешесін басыңыз. Шаюциклінің ең

көп саны – бесеу.

Кір жуу уақыты сәйкесінше көбейеді.

9. Сығу жылдамдығын таңдау үшін Сығу түймешесін басыңыз: 400, 800, 1000, 1200

айн./мин

( : сығылмаған,

: шайқауды кідірту)

10. Кір жууды кейінгі қалдырудың қосылған түрлерін (арасы 1 сағаттан 3 сағаттан 19

сағатқа дейін) қайта қосу үшін аяқтау үшін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет

басыңыз. Көрсетілетін уақыт – кір жуудың аяқталатын уақыты.

11. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін бассаңыз кір жуу басталады.

КІР ЖУУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

Тап таза киім мен кір жуудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін мына қарапайым нұсқаулықты

ұстаныңыз.

Кір жумас бұрын заттың жапсырмасында көрсетілген матаны күту ерекшеліктерін әрқашан

ескеріп отырыңыз.

Кірлерді төмендегі белгілері бойынша іріктеп, жуыңыз.

Күту бойынша нұсқаулығы бар жапсырма. Мақта, аралас мата, синтетика, жібек, жүн

және вискозадан жасалған бұйымдарды жеке жеке іріктеңіз.

Түсі. Түрлі түсті заттарды ақ түстен бөлек қойыңыз. Түрлі түсті жаңа киімдерді жеке

жуыңыз.

Көлемі. Бір циклда көлемі түрлі заттар салу, тиімді кір жууды қамтамасыз етеді.

Нәзіктік. Ерекше матадан тігілген жүн, перде және жібек бұйымдарды «Ұқыпты жуу»

циклін пайдалана отырып бөлек жуыңыз. Заттардың жапсырмасындағы кір жуу

бойынша мәндерді немесе қосымшадағы матаны күту туралы ақпаратты қараңыз.

Қалталарын тексеру.

Кір жумас бұрын барлық қалталарды босатыңыз. Тиын, түйреуіш, шеге немесе тас

сияқты қатты және өткір заттардың болуы кір жуғыш машинаны бүлдіруі мүмкін. Ірі

тоқылған, түймелері мен басқа да ірі темір заттары бар киімдерді жумаңыз.

Киімдегі темір заттар киім мен бакты бүлдіруі мүмкін. Түймелері мен кестелері бар

киімдерді жумас бұрын теріс айналдырып қойыңыз. Егер кір жуған кезде шалбарлар мен

күртешелердің сыдырмасы ашылып тұрса, олар бакты бүлдіруі мүмкін. Кір жуардың

алдында сыдырмалар жабылып, баулары байлануы керек.

Киімдердің ұзын баулары киімнің басқа бөліктерімен шатысып, киімді бүлдіруі мүмкін. Кір

жуардың алдында баулардың дұрыс байланғанына көз жеткізіңіз.

Мақтадан тігілген бұйымды алдын ала жуу.

Заманауи кір жуғыш құралдарды қолданғанда кір жуғыш машина электр энергиясын,

уақытты, суды және қаражатты үнемдей отырып үздік нәтиже береді. Егер мақтадан

тігілген заттар қатты кірленген болса, оларды жуу үшін ақуыз негізді кір жуғыш құралмен

алдын ала жуу бағдарламасын бірге қолданыңыз.

WF1702WQ-02994F-09_KK.indd 29

2014-2-13 13:38:58

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: