Жуғыш зат жəне қосымша заттар туралы ақпарат, Қолдануға болатын жуғыш заттар, Жуғыш зат үлестіргіш – Инструкция по эксплуатации Samsung WD1142XVR

Страница 119

Advertising
background image

Казақ - 31

03
КІР
ЖУ
У

ЖУҒЫШ ЗАТ ЖƏНЕ ҚОСЫМША ЗАТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қолдануға болатын жуғыш заттар

Қолдануға болатын жуғыш затты матаның түріне (мақта мата, синтетика, нəзік мата, жүн мата),
түсіне, жуу температурасына, кірдің деңгейіне қарап анықтау керек. Əрқашан автомат кір
жуғыштарға арналған “аз көпіршитін” жуғыш заттарды қолданыңыз.
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің салмағын, кірдің деңгейін, аймағыңыздағы судың
кермектігін ескере отырып орындаңыз. Егер қолданылатын судың қаншалықты кермек екенін
білмесеңіз, жергілікті су мекемесіне хабарласыңыз.

Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз, себебі шаю циклі кезінде қалып қоюы мүмкін. Кір
жуғыш машинаның шаю цикліне кедергі келтіруі немесе түтіктерді бітеуі мүмкін.

Жүн мата режимін пайдаланғанда келесіні ескеріңіз.
• Жүн матаға арналған сұйық жуғыш затты ғана пайдаланыңыз.
• Ұнтақ жуғыш затты пайдаланған кезде, кірден кетпей қалып, материалға (жүн) зақым

келтіруі мүмкін.

Жуғыш зат үлестіргіш

Кір жуғыш машинаңыздың жуғыш зат пен мата жұмсартқышқа арналған жеке-жеке үлестіргіштері
бар. Кірге арналған қоспаларды, кір жуғыш машинаны іске қоспай тұрып тиісті үлестіргіштерге
салыңыз.

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш зат үлестіргішті ашпаңыз, ыстық су немесе
бу шалып кетуі мүмкін.

1. Басқару панелінің сол жағында орналасқан жуғыш зат

үлестіргішін тартып шығарыңыз.

2. Жуғыш затты жуғыш зат үлестіргішке кір жуғыш

машинаны іске қоспай тұрып, ұсынылған мөлшерде
салыңыз.

3. Егер қажет болса, мата жұмсартқышқа арналған

үлестіргішке мата жұмсартқышты ұсынылған мөлшерде
құйыңыз. MAX FILL ( ) сызығынан асырмаңыз.

4. Алдын ала жуу параметрін қолданған кезде жуғыш затты

алдын ала жуу қорапшасына ұсынылған мөлшерде
салыңыз.

Үлкен заттарды жуғанда келесі жуғыш заттарды
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
• Таблетка жəне капсул ішіндегі жуғыш заттар
• Шарик немесе торға салынатын жуғыш заттар
Концентрацияланған немесе қою мата жұмсартқыштарды жəне кондиционерді қолданар
алдында, үлестіргішке құймай тұрып, кондиционер мен сұйық жуғыш затты аздаған су қосып
сұйылтып алыңыз (түтікше бітеліп қалмас үшін).

YUKON-03073S-05_KZ.indd Sec5:31

YUKON-03073S-05_KZ.indd Sec5:31

2013-12-12

2:42:35

2013-12-12

2:42:35

Advertising