Инструкция по эксплуатации Samsung ME73M2KR-S

Страница 58

Advertising
background image

10

ҚАЗАҚША

АҚАУЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып

түзетіп көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.

Есіктің маңайынан немесе саңылауларынан бу шығады.

( ) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.

Есік әбден жабылды ма?

Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не ( ) түймешігін бастыңыз ба?

Есік жабылды ма?

Электр желісінің жүктемесін арттырып, сақтандырғыш жанып немесе

айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс.

Жақын орналасқан Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына

хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл

пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін,

пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатыңыз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет параметрлерін

қайта орнату қажет болуы мүмкін. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны

розеткадан суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған жоқ па?

Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?

Алғаш қолданғанда түтін және жағымсыз иіс шығады.

Бұл жаңа қыздырғыш элементтен уақытша шығатын иіс. Түтін және иіс 10 минут

пайдаланғаннан кейін толығымен жойылады. Иісті барынша жылдам кетіру үшін

микротолқынды пешті лимон немесе лимон шырынын салып іске қосыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар ақаулықты түзетуге

көмектеспесе, жергілікті SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз. Келесі ақпаратты оқыңыз;
• Пештің үлгісі мен сериялық нөмірлері, әдетте пештің артқы

жағында болады

• Кепілдік деректері
• Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы

Содан кейін жергілікті дилерге немесе SAMSUNG тұтынушыға

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТАҒАМ ПІСІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы

туралы айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында ӘРҚАШАН параметрлерін

тексеріңіз.

Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1. СВЧ түймешігін басыңыз.

Нәтижесінде: бейнебетте ең үлкен қуат мәні

800 Вт көрсетіледі.

СВЧ түймешігін қажетті қуат

мәнін таңдағанша басыңыз. Қуат мәндері

көрсетілген кестені келесі беттен қараңыз.

2. Тағам дайындау уақытын 10 мин, 1 мин және

10 сек түймешіктерімен таңдаңыз.

3. Старт (Бастау) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесінде: пештің жарықтамасы жанады,

бұрылмалы табақ айнала

бастайды.

Пештегі тағам пісе бастайды, пісіп болғаннан кейін

төрт рет дыбыстық сигнал естіледі.

Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.

ME731KR-ME732KR-ME733KR_BWT-DE68-03893Q-02_KK.indd 10

2013-11-28 �� 11:11:24

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: